Мемлекеттік бағдарлама көмегімен түйе шаруашылығын қолға алды

Oinet.kz 17-10-2019 722

909994cbb558c3a4d5d4509129718c5b_big.jpg

Қарманған қарап қалмайды. Бүгінде елімізде өрісте ойсылқара тұқымы өріп жүргенімен, шұбат өндіру, оның технологиясын жетілдіру мәселесі кемшіндеу тұр. Түркістан қаласының тұрғыны Айгерім осы олқылықтың орнын толтыру мақсатында түйе шаруашылығын қолға алып, шұбат өндірісін бастамақ. Осы мақсатпен Айгерім қалалық кәсіпкерлік бөлімінің қызметіне жүгініп, «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы арқылы 1 миллиард теңге қаражат алмақ.

Мінсең – көлік, шуда жүні кисең – киім, жесең – ет, емдік қасиетке толы шұбаты бар түйе - қазақтың көш керуенін бастайтын киелі жануары. Осы ұранды ұстанған Айгерім өзінің кәсібі ұзаққа барарына нық сенімді.

Шағын кәсіпкерлікті қолға алған кәсіпкердің алға қойған жоспары да жетерлік.

«Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасына жеке кәсіпкерлік субьектілері, шағын және орта, ірі кәсіппен айналысып жүрген кез-келген тұлға өтінім беру арқылы қатыса алады. Атап айтсақ, кәсіпкер банкке қаржыландыру туралы өтінішпен келуі тиіс. Банк жобаның қаржылық-экономикалық тиімділігіне сараптама жүргізу арқылы кәсіпкердің конкурсқа қатыса алатынын немесе қатыса алмайтынын жазбаша хабарлайды. Ал, сараптамадан оң нәтиже алған тауар өндірушілер «Даму» АҚ-на арнайы құжаттар тапсырып, жобаны жүзеге асыру шартын орындайды.

Қимылдаған қыр асады
Ауыл шаруашылығы өніміне сұраныс жоғары
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу