Ауыл шаруашылығы өніміне сұраныс жоғары

Oinet.kz 13-10-2019 708

Znalezione obrazy dla zapytania шұбат

«Қарапайым заттар экономикасы» мемлекеттік бағдарламасы – кәсіп ашқысы келген азаматтарға қолдау көрсететін негізгі мемлекеттік бағдарлама. Биыл Түркістан қаласынан осы бағдарлама аясында 30 бизнес жоба қолға алынып отыр, оның көпшілігі жаңадан ашылып жатқан кәсіп түрлері болса, кейбірі өз бизнестерін одан әрі жандандыру мақсатында бағдарламаға қызығушылық танытып отыр.

Диана Алтынбек аталған бағдарлама арқылы өзінің түйе шаруашылығын бастау үшін 1 миллиард теңге көлемінде қаражат алуды көздеп отыр. Кәсіпкердің мақсатын ел аумағын пайдалы шұбат сүтімен қамту, өзіміздің отандық өнімге деген қызығушылықты арттыру болапы табылады. Диана қала облыс орталығы болып бекітілген сәттен бастап түйе шаруашылығымен шындап айналысуды шешкен. Себебі кәсіпкер ауыл шаруашылығы өніміне сұраныс жорғары деп есептейді.

Мамандардың ұйғарымынша, түйе сүтінен жасалатын шұбатты қант диабеті, туберкулез, тері және қатерлі ісік сияқты 100-ге тарта ауруды емдеуге пайдалануға болады. Ғылыми зерттеулер түйе сүті жас жеміс пен көкөністі алмастыра алатынын дәлелдейді. Сиыр сүтімен салыстырғанда, шұбатта С дәрумені үш есе, темір 10 есе көп. Шұбат аса сіңімді әрі ішектегі пайдалы бактерияларды көбейтеді.

Мемлекеттік бағдарлама көмегімен түйе шаруашылығын қолға алды
Мал өсірсең, түйе өсір
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу