Жер сілкінісіне байланысты жедел штаб құрылды
--Қазақстан ТЖМ командалық орталығы, Жамбыл, Түркістан облыстарының және Шымкент қ. ТЖД базасында жедел штаб құрылды. Бұл туралы ведомствоның баспасөз қызметі мәлім етті,--деп хабарлады ҚазАқпарат.
Байланыс және көмек үшін жедел желі ашылды:
ҚР ТЖМ командалық орталығы — 87172-704118
Түркістан облысы ТЖД — 872533-57886
Жамбыл облысы ТЖД — 87262-513575
Шымкент қаласы ТЖД — 87252-95-57-06.
Айта кетейік, Қазақстанның оңтүстік аймағында жер сілкінісі тіркелді.
Жерасты дүмпулері 6 қазан күні Астана уақытымен сағат 01:29-да тіркелген.
Эпицентр Алматы қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 465 км қашықтықта, Қырғызстан аумағында орналасқан.
Эпицентрдің координаттары: 42.270º с.ш., 71.378º ш.б. Тереңдігі 10 км.
Жер сілкінісінің энергетикалық класы 13.3. Магнитудасы MPV 5.9.
Қырғызстанда болған жер сілкінісі Өзбекстанның 5 өңірінде сезілген.