«Шамадан тыс мадақтаудың қажеті жоқ»: Смақов Шерхан Қалмырза жайлы ойын айтты

Oinet.kz 06-10-2025 107

Талдықорғанның «Жетісу» командасының бас бапкері Самат Смақов «Қайрат» клубының жас қақпашысы Шерхан Қалмырза жайлы ойын айтты, деп жазады Oinet.kz тілшісі.

Screenshot_4.jpg

«Үлкен ағасы ретінде онымен жиі сөйлесуге тырысамын. Шынымды айтсам, оған баспасөзбен араласпауға, түрлі телебағдарламаларға қатыспауға кеңес бердім. Шерхан ол әлі өте жас. Мысалы, Еркебұлан Сейдахмет «Уфаға» ауысқан кезде бәрі оны «тұншықтырып» жіберді: «Еркебұлан дәретханаға барды», «Еркебұлан «coco-cola» сатып алды», «Еркебұлан мынаны істеді» деген сияқты жаңалықтар толып кетті. Соңында таланттан айырылдық. 

«Қазір ең бастысы — балаларға қысым жасамау, керісінше, қолдау көрсету. Олар әлі ештеңе ұтқан жоқ, сондықтан шамадан тыс мадақтаудың қажеті жоқ. Бір сәтте бүкіл бір буынды жоғалтып алу қаупі бар»,- деді Самат Смақов.

«Сыйлық бергісі келсе барлық ойыншыларға берсін» – Қайрат клубының бас бапкері
Айдарға кіру
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу