Цифрландыру қарқыны – қаланың даму көрсеткіші

Oinet.kz 20-06-2026

1730487316_1730487244081.png

Цифрлық технологияларды кеңінен енгізу – заманауи қалалардың бәсекеге қабілеттілігін айқындайтын маңызды факторлардың бірі. Бұл бағытта Шымкент қаласы соңғы жылдары тұрақты нәтижелерге қол жеткізіп, цифрлық трансформация үдерісін жүйелі түрде жүзеге асырып келеді. Мемлекеттік қызметтердің қолжетімділігін арттыру, қоғамдық қауіпсіздікті күшейту, қалалық инфрақұрылымды басқарудың тиімділігін жақсарту және интеллектуалды технологияларды енгізу бағытындағы жұмыстар өз жемісін беруде.

2025 жылдың негізгі қорытындылары соның айқын дәлелі. Биыл Шымкент «Smart City Ranking 2025» рейтингінде республика бойынша үшінші орынға тұрақтады. Осылайша мегаполис Астана мен Алматыдан кейінгі үздік үштікке еніп, еліміздегі цифрлық даму деңгейі жоғары қалалардың қатарынан көрінді. Бұл көрсеткіш қалада жүзеге асырылып жатқан цифрлық жобалардың тиімділігін және Smart City қағидаттарын жүйелі енгізудің нәтижесін аңғартады.

Рейтинг қорытындысына сәйкес, 2025 жылы Smart City индексі 82 пайызға жетіп, өткен жылмен салыстырғанда 6 пайыздық өсім көрсетті. Егер 2024 жылдың қорытындысында бұл көрсеткіш 76 пайыз деңгейінде болса, бір жыл ішінде айтарлықтай жоғарылаған. Мұндай нәтижеге қалалық инфрақұрылымды цифрландыру, қоғамдық қауіпсіздік жүйелерін жетілдіру, бейнебақылау желісін кеңейту, интеллектуалды көлік жүйелерін дамыту және мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру бағытында атқарылған кешенді жұмыстар ықпал етті.

Сонымен қатар «Ашық үкімет» бағыты бойынша да оң динамика сақталды. 2025 жылы бұл көрсеткіш 100 пайызға жетіп, өткен жылмен салыстырғанда 3 пайызға артты. 2024 жылы аталған индекс 97 пайыз деңгейінде болса, бүгінде толық көрсеткішке қол жеткізілді. Бұл мемлекеттік органдар қызметінің ашықтығын қамтамасыз ету, тұрғындармен тиімді кері байланыс орнату және электрондық мемлекеттік қызметтердің қолжетімділігін арттыру бойынша жүргізілген реформалардың нақты нәтижесін көрсетеді.

Жалпы, қол жеткізілген көрсеткіштер Шымкент қаласында цифрландыру саясатының жүйелі әрі тұрақты жүзеге асырылып жатқанын айғақтайды. Заманауи технологияларды тиімді пайдалану арқылы мегаполисте тұрғындарға қолайлы, қауіпсіз және басқару тетіктері жетілдірілген қалалық орта қалыптасып келеді. 

Жасанды интеллект жол қауіпсіздігін күшейтуде
Сапалы интернет – цифрлық дамудың басты кепілі
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу