Заң үстемдігі дөңгелек үстелде талқыланды

Oinet.kz 19-06-2026

skrinshot-19-08-2025-080013.jpg

Шымкент қаласында қоғамдық қауіпсіздікті нығайту, құқықтық мәдениетті қалыптастыру және заң үстемдігін қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда. Осы орайда қала полиция департаментінде «Заң мен тәртіп» идеологемасын ілгерілету мәселелеріне арналған дөңгелек үстел ұйымдастырылып, қоғамдағы құқықтық тәртіпті сақтаудың өзекті мәселелері талқыланды.

Басқосуға құқық қорғау органдарының өкілдері, жауапты мамандар мен полиция қызметкерлері қатысып, құқық бұзушылықтардың алдын алу, азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру және мемлекеттік органдардың халықпен өзара іс-қимылын жетілдіру бағытындағы міндеттерді саралады. Жиынға Шымкент қаласы полиция департаменті бастығының орынбасары Нұрбол Мырзатаев төрағалық етті.

Кездесу барысында Мемлекет басшысы айқындаған «Заң мен тәртіп» қағидатының маңызына ерекше тоқталды. Бұл бастама құқықтық мемлекет қағидаттарын нығайтып қана қоймай, азаматтардың заңға деген құрметін арттыруға, қоғамдық келісім мен тұрақтылықты сақтауға бағытталған маңызды идеологиялық тұғырға айналып отыр.

Нұрбол Мырзатаев өз сөзінде заң үстемдігі орныққан жерде ғана қоғамның тұрақты дамуына жол ашылатынын атап өтті. Дөңгелек үстелде құқық бұзушылықтардың алдын алу мәселесіне айрықша назар аударылды. Қатысушылар жастар арасында құқықтық мәдениетті қалыптастырудың маңызын атап өтіп, білім беру ұйымдарында түсіндіру және ағарту жұмыстарын күшейту қажеттігін жеткізді. Өйткені заңды құрметтейтін, құқықтық сауаты жоғары жас ұрпақ елдің тұрақты дамуының кепілі болып саналады.

Сонымен қатар мемлекеттік органдардың өзара ықпалдастығын арттыру, тұрғындардың өтініштері мен ұсыныстарына жедел жауап беру, халықпен кері байланысты нығайту мәселелері де кеңінен талқыланды. Бүгінде құқық қорғау жүйесінің ашықтығы мен қолжетімділігі қоғам сенімін қалыптастырудың маңызды тетіктерінің біріне айналып отыр.

Кездесу қорытындысында «Заң мен тәртіп» қағидатын қоғам өмірінде кеңінен орнықтыру, азаматтардың құқықтық мәдениетін көтеру және қоғамдық қауіпсіздікті нығайту бағытындағы жұмыстарды одан әрі жалғастыру қажеттігі атап өтілді. Өйткені заң үстемдік құрған жерде әділдік салтанат құрып, тұрақтылық пен қоғамдық сенім нығая түседі. Ал бұл – қуатты мемлекеттің басты кепілі.

Заңсыз пиротехникаға тосқауыл қойылуда
Шалғай елдімекендерге интернет желісі кезең-кезеңімен тартылуда
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу