Кәсіпкерлер сыбайлас жемқорлыққа тап болмайды

Oinet.kz 10-06-2026

c9b58467fda2ec29987e2032f1f2f5c7_original.47089.jpg

Мемлекет басшысы ел дамуының басты шарттарының бірі ретінде заң үстемдігін қамтамасыз ету мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті тұрақты түрде назарда ұстап келеді. Өйткені кәсіпкерлік пен инвестициялардың еркін дамуына кедергі келтіретін кез келген әкімшілік тосқауыл экономиканың өркендеуіне теріс әсер етеді. Сондықтан инвесторлардың құқықтарын қорғау және олардың қызметіне негізсіз кедергі келтіретін жағдайларды жою – мемлекеттік саясаттың маңызды бағыттарының бірі.

Шымкент қаласында жүзеге асырылуы жоспарланған ауыз су мен алкогольсіз сусындар өндіретін зауыт жобасының төңірегінде туындаған мәселе осының нақты мысалы болды. Жалпы құны 750 миллион теңгені құрайтын инвестициялық жоба іске қосылған жағдайда жаңа өндіріс орны ашылып, ондаған азамат тұрақты жұмыспен қамтылар еді. 

Алайда инвесторға қажетті жер учаскесін бөлу мәселесі ұзақ уақыт бойы шешілмей келген. Жобаның жүзеге асуын тежеген мұндай жағдайлар кәсіпкерлік бастамалардың дамуына кері әсер етіп қана қоймай, инвестициялық ахуалға да салқынын тигізуі мүмкін. Мамандардың пікірінше, кей жағдайда негізсіз бюрократиялық кедергілер мен шешім қабылдаудағы ашықтықтың жеткіліксіздігі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің туындауына жол ашады.

Мәселені жан-жақты зерделеу барысында бұрын қабылданған шешімнің жеткілікті құқықтық негіздемесі болмағаны анықталды. Соның нәтижесінде инвестордың заңды құқығын шектеген әкімшілік кедергілер жойылып, жобаға қажетті жер учаскесі бөлінді. Бұл заң талаптарының сақталуы мен әділ шешім қабылдаудың маңызды екенін тағы бір мәрте көрсетті. Әсіресе инвестициялық жобаларды сүйемелдеу барысында ашықтық пен заңдылық қағидаттарын сақтау экономикалық дамудың негізгі кепілі саналады.

Инвесторлардың құқықтары сенімді қорғалған жерде жаңа кәсіпорындар ашылып, өндіріс көлемі ұлғаяды, жұмыс орындары көбейеді. Ал әділдік пен заң үстемдігі орныққан қоғамда бизнестің мемлекетке деген сенімі артады. Сондықтан кәсіпкерлердің қызметіне кедергі келтіретін әкімшілік тосқауылдарды дер кезінде жою және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу – елдің инвестициялық тартымдылығын күшейтетін маңызды факторлардың бірі. Бұл – «Заң мен тәртіп» қағидатының нақты нәтижесі әрі тұрақты экономикалық дамудың берік негізі.

Заң үстемдігі – кәсіпкерлікті дамытудың берік кепілі
Жауапкершілік тек мемлекетте емес, ата-анада
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу