Түркістан – түркі әлемінің келіссөз орталығы
23-04-2025
Ағымдағы жылы 23 қыркүйекте Түркістан облысындағы Әдеп жөніндегі кеңестің кезекті отырысы өтті.
Бұл ретте, Әдеп кодексінің талаптарын сақтамағаны үшін Әдеп жөніндегі кеңес шешімімен Түркістан қаласы әкімі аппаратының басшысына «ескерту» түріндегі тәртіптік жаза қолдану ұсынылды.
Бұдан бөлек, мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнаманы бұзушылықтардың профилактикасы бағытында Келес ауданы әкімінің, Техникалық реттеу және метрология комитетінің Түркістан облысы бойынша департаменті, Қазынашылық департаменті, Құрылыс басқармасы, Қаржы және мемлекеттік активтер басқармасы басшыларының есептері тыңдалды.
Нәтижесінде, Департамент басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы
А. Наурызбаев мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнамасын және Әдеп кодексін сақтауды мемлекеттік қызметшілерге түсіндіру жұмыстарының жүргізілуін, қызметтік автокөліктерді тек қызметтік мақсатта пайдалану, үстеме жұмыстарды азайту мәселелері бойынша ұйымдастыруды тапсырды.
Сонымен қатар, Әдеп жөніндегі уәкілдер қызметінің нәтижелері туралы Мақтаарал, Қазығұрт және Ордабасы ауданы Әдеп жөніндегі уәкілдерінің есептері тыңдалып, мемлекеттік қызмет көрсету барысындағы бұзушылықты болдырмау, тәртіптік шара қолдану барысында заңнама талаптарын сақтау, мемлекеттік қызметтегі шектеулерді түсіндіру бойынша тиісті жұмыстар жүргізу тапсырылды.
Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаменті