Төтенше жағдайлар департаментінде анықталған бұзушылықтар
«Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Өрт сөндіру және авариялық – құтқару жұмыстары қызметі (Түркістан қаласы)» республикалық мемлекеттік мекемесі бойынша.
Жүргізілген ішкі мемлекеттік аудиттің нәтижесінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 3 тамыздағы №393 бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есепке алуды жүргізу қағидаларының» 272-тармағының талаптары сақталмай «Түркістан қаласы, Кентау трассасы, 048-орам мекенжайында сейсмикалық белсенділігі 7 балл IVА IVГ климаттық кіші аудандары үшін ІІ типті 4 автомобильге арналған өрт сөндіру депосы кешенін салу» нысаны құрылысы жұмыстары бойынша Мекеме тарапынан 65 113,3 мың теңге аванс сомасы орындалған жұмыстардың актілері мен анықтамалары ұсынбасада 2022 жылдың соңында «Аяқталмаған құрылыс» қосалқы шотында негізсіз көрсетілген. Осының салдарынан 2023 жылғы ұзақ мерзімді активтер бойынша қаржылық есептіліктер бұрмалаушылықпен көрсетілген. Аталған, аванс сомасы бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік бойынша дебиторлық берешек сомасында көрсету арқылы қалпына келтірілді.
С.Нұрлыбаев,
Қаржылық есептілік аудиті бөлімінің бас маманы