Жетісай ауданының «Жетісай қаласы әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесі бойынша

Oinet.kz 14-06-2024 1287

Жүргізілген ішкі мемлекеттік аудиттің нәтижесінде «Қазақстан Республикасы сәулет қала құрылысы және құрлыс қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 шілдедегі №242-ІІ Заңының 60 бабының 1 тармағының  және Қазақстан Республикасының  1999 жылғы 1 шілдедегі №409 Азаматтық Кодексінің (Ерекше бөлім) 654  бабы, 1-тармағының талаптарын сақтамау салдарынан 11 965,5 мың теңгеге «Түркістан облысы, Жетісай ауданы, Жетісай қаласында балалар алаңшаларын ағымдағы жөндеу жұмыстары» бойынша Жетісай қаласында 27 тұрғын үйдің ауласында орнатылған балаларға арналған 80 жиынтық конструкциялар ҚР ІСН 8.02-03-2021 (УСН РК) нормативтерінің талаптарының сақталмауына, олардың сәйкессіздігіне жол берілген. 

Screenshot_25.jpg

Сонымен қатар,  балалар алаңшаларына конструкцияларды орнату бойынша жер жұмыстары, бетон жұмыстары және материалдарды пайдалану өз деңгейінде жүргізілмеген. Орнатылған конструкциялардың сапасы төмен және конструкциялардың «СТ-KZ» нысанындағы тауардың шығу тегі туралы Сертификаттары жоқ. Яғни, тауарларға сараптама жасалынбаған.  Сондай-ақ, Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2017 жылғы 17 мамырдағы №21 шешімімен қабылданған «Балалар ойын алаңдарына арналған жабдықтардың қауіпсіздігі туралы техникалық регламентінің» талаптарына сәйкес қолданылатын барлық материалдар адам денсаулығы үшін қауіпсіз болуы, ал конструкциялары жас тобына сәйкес келуі және беріктігін, тұрақтылығы мен қаттылығын қамтамасыз етуі керек. 

С.Нұрлыбаев,

Қаржылық есептілік аудиті бөлімінің бас маманы

Төтенше жағдайлар департаментінде анықталған бұзушылықтар
«Созақ аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық» мемлекеттік мекемесі бойынша.
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу