«Созақ аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық» мемлекеттік мекемесі бойынша.

Oinet.kz 14-06-2024 1332

«Созақ аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Білім бөлімі) бойынша.

Screenshot_26.jpg

Білім бөлімі мен «Евро – Құрылыс» ЖШС  арасында 17.10.2022 жылғы түзілген  №295 келісім шарттың талаптарын сақтамай  753082045149 бюджеттік бағдарламасы бойынша 44 337,1 мың теңгеге «Шаруашылық тауарларды» 35 күнтізбелік күнге кешіктіріп жеткізген. Алайда,  Білім бөлімі тарапынан «Евро – Құрылыс» ЖШС  қатысты, жасалған мемлекеттік сатып алу туралы шарт бойынша өз міндеттемелерін орындамаған не тиісті түрде орындамағаны үшін жосықсыз қатысушы деп тану туралы және тұрақсыздық айыбын өндіру бойынша сотқа талап арыз бермеген.  

Бұл ретте, Қазақстан Республикасының  2015 жылғы 4 желтоқсандағы «Мемлекеттiк сатып алу туралы» Заңының 12 бабы, 4 тармағы 3) тармақшасының 2 абзацында айқындалған 1) «өнім берушінің тұрақсыздық айыбын (айыппұлды, өсімпұлды) төлеуі»; 2) «шарттық міндеттемелерді толық орындау» және 3) «тапсырыс берушіге келтірілген залалдың болмауы шарттары қанағаттандырылатын жағдайларды қоспағанда, тапсырыс беруші өзіне өнім берушінің Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасын бұзу фактісі туралы мәлім болған күннен бастап күнтізбелік отыз күннен кешіктірмей, сотқа осындай өнім берушіні мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушы деп тану туралы талап қойып жүгінуге міндетті.» талаптары сақталмаған.

Қ.Тынысбек,

Сәйкестік аудиті бөлімінің бас маман мемлекеттік аудиторы                  


Жетісай ауданының «Жетісай қаласы әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесі бойынша
«Ордабасы аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі» бойынша
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу