«Ордабасы аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі» бойынша
«Ордабасы аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» (бұдан әрі – Мекеме) бойынша.
Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсанағы №434-V «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңының 43-бабы, 2-тармағы «Тапсырыс беруші жеңімпазға мемлекеттік сатып алу веб-порталы арқылы электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылған мемлекеттік сатып алу туралы шарттың жобасын:», 1) тармақшасының «конкурс (аукцион) тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындысы туралы хаттамаға шағымдану мерзімі өткен күннен бастап бес жұмыс күні ішінде» жіберіледі талаптары сақталмай, Мекеме жеңімпаз мердігер «ӨМІРЗАҚ» ЖШС-не 2 928 045,4 мың теңге шарттың жобасын 26.09.2022 жылы кейін жолданып, келісім шарт 28.09.2022 жылы түзілген. Яғни, шарттың жобасы белгісіз себептермен 111 жұмыс күнінен кейін жолданған.
Қ.Тынысбек,
Сәйкестік аудиті бөлімінің бас маман мемлекеттік аудиторы