Сайлау жүйесіндегі өзгерістер елді дамуға бастайды

Oinet.kz 17-04-2024 491

438100779_392525430418876_6331134641237215770_n.jpg

Соңғы жылдары Президент тапсырмасына байланысты еліміздегі сайлау жүйесіне көптеген жаңашылдық енгізілді. Әлбетте, кез келген саяси жаңғырудың басты мақсаты азаматтардың мемлекетті басқару ісіндегі рөлін арттыру екені тү­сінікті. Бұл бағытта атқарылған жұмыс аз емес. Бұған дейін бейбіт шерулерді ұйымдастыру тәртібін өзгертіп, бұрынғы рұқсат алу қағидатын хабардар ету қағидатына ауыс­тыру, саяси партияларды тіркеу үшін оның мүшелерінің саны жөніндегі талапты 40 мыңнан 20 мың адамға азайту, сайлау кезіндегі партиялық тізімде әйелдер мен жастар үшін 30 пайыздық квота қарастыру, пар­ламенттік оппозиция инсти­тутын енгізу секілді баста­малардың өзі бір төбе.

2021 жылғы 25 мамырда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан Респуб­ли­ка­сындағы сайлау туралы» Конституциялық заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу тура­лы» заңға қол қойды. Соған сәйкес ауыл әкімдерін елді ­мекен тұрғындары тікелей дауыс беру арқылы сайлау құқығын иеленді. Сондай-ақ бұл лауазымға тұр­ғындардың өзін өзі ұсынуына мүмкіндік жасалды. Бюл­ле­тень­дерде «бәріне қарсымын» деген тармақ қосылды.

Ал 2022 жылғы наурызда халыққа арнаған «Жаңа Қазақстан: жаңару мен жаңғыру жолы» Жолдауында Президент аралас сайлау жүйесін енгізуді ұсынғаны белгілі. Мұндай пропорционалды-мажоритарлы үл­гіде сайлаушылардың мүд­­­десі ұлттық және өңірлік дең­гей­де толық көрініс табатыны анық. Соған сай Мә­жілістің депу­таттық корпусының 70 пайы­зы пропорционалдық, 30 пайызы мажо­ритарлық тәсілмен жа­сақ­талды.

Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі аясында төрт саяси реформалар пакеті қабылданды. Сайлау жүйесіне, саяси партияларға қатысты бірнеше заң­намаға өзгертулер енгізілді. Консти­ту­цияның 33-бап, 56-тармағы жаңар­ды. Халық референдумды қолдады. Жер­гілікті өзін өзі басқаруды дамытудың 2025 жылға дейінгі тұжырымдамасы қабылданды. Осының аясында елімізде ауыл әкімдерін тікелей сайлау жүзеге асырылып жатыр.

Конституциядағы маңызды өзге­рістің тағы бірі мәслихаттың құзіретіне бай­ланысты. Егер сайланған әкімді халық жарамсыз деп санаса, онда оған мәс­лихат арқылы сенімсіздік біл­діреді. Мәс­лихаттың құрамы да бұ­рынғыдай партия тізімімен емес, ауыл, аудан, қала дең­гейінде толықтай мажоритарлық сайлау жүйесі арқылы жүзеге асып жатыр. Яғни, бір мандатты округ арқылы кез келген азамат өзінің конституциялық құқығын қорғай отырып, депутат атануға мүмкіндік алды. Бұлжергілікті белсенділерге, туған жерінің дамуына үлесімді қосамын деген азаматтарға жол ашуда. Бұлтікелей сайлаудың артықшылықтары. Әкім мен халық арасындағы байланыстың нығаюына, жауапкершіліктің артуына және жұмыстың тиімділігіне тікелей әсер етеді.

Елімізде былтырдан бері, 2023 жылдан бастап аудан әкімдерін де тікелей да­уыс беру арқылы сайлау өтіп жатыр. Оның айқын көрінісі, демократиялық сайлаудың жемісі – Түркістан облысында төрт ауданның әкімі сайланды. Сол сияқты еліміздің басқа облыстарында да үш-төрт ауданның әкімдерін дауыс беру халық сайлады, өз таңдауларын жасады. Тек респубикалық маңызы бар қалаларда – Астанада, Алматыда, Шымкентте аудан әкімдерін сайлау өтпегені болмаса. Оған қоса, жаңа реформа бойынша облыс әкімдері баламалы түрде, өңірлердегі барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының ашық не жа­сырын дауыс беруі арқылы келісім беруі негізінде тағайындала бастады.

Аудан әкімдерін тікелей сайлау – жалпы өзін-өзі басқару жүйесінің ма­ңызды бөлігінің бірі. Сондықтан аудан әкімін тікелей сайлаудың нәтижесі өте маңызды. Бұл бір жағынан сайланатын әкімнің жауапкершілігіне байла­нысты. Екінші жағынан халықпен қа­рым-қатынастағы «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» қағидасының шын мәнінде жүзеге асуына толықтай өз үлесін қосады. Мемлекет басшысының осындай демократиялық қоғам құруға талпынысы анық байқалады. Осы орайда ол демократияның бірден-бір көрінісі сай­лау екеніне назар аударып отыр. Сон­дықтан осы бағыттағы жұмыстарды қол­дау қажет. Президенттің мемлекеттік басқару жүйесін реттеуді қолға алғаны өте құптарлық қадам. Өйткені басшылықты реттеп алмай, тіршілікті түзеу қиын. Ал, әкім сайлау – қазаққа бейтаныс рәсім емес. Бабаларымыз болыс, би, қазыларды да, ханды да сайлаған. Ұлы далада қалыптасқан сайлауы да, заңы да, басқару жүйесі де болған. Сол үдеріс жаңғырып жатса, неге құптамасқа?! Осылай деген Шымкент қалалық аумақтық сайлау комиссияның төрағасы Қайырбек Құнанбаев мажоритарлы жүйенің тиімділігін айтып берді.

Елімізде адал әрі әділ мемлекеттік қызметшілер мен депутаттар болуы тиіс. Жаңа Қазақстанды сондай азаматтар аяғына тұрғызады. Саяси жаңғыру болмай, әлеуметтік, экономикалық тұрғыда даму да, өсу де мүмкін емес. Президент партиялардың институционалдық және ұйымдастырушылық қабілетін арттырып, бәсекелестікке бейімделуіне көңіл бөлді. Қазір осы жүйенің тиімділігі тәжірибеде байқалуда.

– Былтыр бізде 23 желтоқсанда сайлау комиссиясының құрамы өзгертілді. Атап айтқанда, Шымкент қаласындағы 354 комиссияның алтауы аумақтық сайлау комиссиясы, үш жүз отызы учаскелік сайлау комиссиясы, сонымен қатар 18-і округтік сайлау комиссиясы. Бұған қоса біз атқаратын, сайлау комиссиясының сайлауалды атқаратын жұмыстарының бірі – бұл сайлаушылардың тізімі. Біз әр жарты жылдық сайын тізімді түгендеп, толықтырып отырамыз. Мысалы, 2024 жылдың 1 қаңтарына дейінгі мәлімет бойынша 656 мың 469 адам болса, былтырғы 19 наурыздағы мәслихат деңгейіндегі сайлаулардағы есеппен салыстырғанда сайлаушылардың саны 16 мыңнан асады. Пайыздық есеппен алғанда, Шымкент халқының дауыс беруге құқығы бар тұрғындарының қатары 2,6 пайызға көбейген. Қаланың халық өскен сайын, 18 жасқа толған азаматтар бар, сайлаушылардың санйы ұдайы өсіп келеді, – дейді Шымкент қалалық аумақтық сайлау комиссияның төрағасы Қайырбек Құнанбаев.  

Сол сияқты ауыл, аудан әкімдерінің сайлауы да жаңашылдық. Президент бастамаларының барлығы да адалдық пен әділдікке негізделген, билік пен халыққа игілікті екені даусыз. Саяси трансформация адалдықтың сақталып, әділдіктің орнауын қалыптастыратын ойын ережесі.

Бұл сан салада бармақ басты, көз қыстылық пен монополияның түп-тамырымен жоюға жол ашады. Жаңа Қазақстанды құру үшін бетке алған бағыттан танбай, жаңа белестерді сөзбен емес нақты іспен бағындыру керек. Сондықтан, ауыл әкімдерін сайлау тәуелсіздік тарихындағы айтулы белестің бірі болды. Сонымен қатар, былтыр пилоттық жоба ретінде басталған аудан әкімдерін де халықтың сайлауы жалғасын табанына сеніміз мол.


Өркениеттер тоғысында қайта жаңғырған шаһар
Сайлауалды дайындық пысықталып, түсіндірме жұмыстары жүргізілді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу