Түркістанда экоакция аясында жалпықалалық сенбілік өтті
Бүгін Түркістан қаласында “Таза Қазақстан” республикалық экологиялық акциясы аясындағы “Таза өлке” апталығында жалпықалалық сенбілік өтті.
Тазалық шарасына 5 мыңнан астам адам қатысты. Олардың қатарында жергілікті тұрғындар мен түрлі мекемелер қызметкерлері бар. Әсіресе қарапайым шаһар тұрғындары аса белсенділік танытуда. Сенбілікте саябақтар, скверлер, мекеме аулалары, көше бойлары, арық-атыздар тазаланды. Көшеттер егіліп, талдар әктелді. Арнайы 25 техника жұмылдырылды. Жалпы бүгінгі шарада жалпы 170 тонна қоқыс шығарылды.
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі