Түркістан облысындағы Төреарық пен Жусансай ауылының тұрғындары ішімдіктен толығымен бас тартқан
Бес жылда бірде-бір қылмыс тіркелмеген: Түркістан облысындағы Төреарық пен Жусансай ауылының тұрғындары ішімдіктен толығымен бас тартқан.
Жергілікті тұрғындар тек ішімдіктен бас тартып қоймай, жастарды тәртіп бұзбауға және ұлттық құндылықтарды қадірлеуге үйрететіндерін айтады.
"Бұл ауылдарда 5 жылда мүлдем қылмыс болмаған. Оның басты себебі ішімдіктен бас тартуында", – деді Ордабасы аудандық полиция бөлімінің басшысы Ғалымжан Қуашбаев.
"Балаларымызды әділ, ақылды болуға, тәртіп бұзбауға, үлкендер мен ұлттық салт-дәстүрді бұзбауға үйретеміз", – дейді Жусансай ауылының тұрғыны Әбдімәлік Елтаев.
Сонымен қатар ауылдағы еңбектеген баладан еңкейген қартқа дейін спортпен шұғылданады.