30 қыркүйек — әділет органдары қызметкерлерінің күні
30 қыркүйек Әділет органдары қызметкерлерінің күні. Бұл атаулы күн 1919 жылы қабілданған шешімге байланысты атап өтіліп келеді. 2012 жылдан бастап биыл тойланып келе жатқанына 12 жыл толып отыр.
Егеменді еліміз үшін Әділет органдары күнінің маңызы зор. Мемлекет шығарған Заңды талқылаудан өткізіп, нақты орындалуын қадағалап отырса, елімізде де әділет пен бейбітшілік мәңгі орнамақ.
Еліміздің заңнамалары аясында әділетті қызмет атқарып отырған бұл органның қай салада болсын алар үлесі ұшан-теңіз.
Бүгінгі таңда Түркістан облысының Әділет Депаратменті адвокаттар мен нотариустардың жұмыстарын үйлестіруде, жергілікті атқарушы органдары мен әкімдіктің нормативтік құқықтық актілерін тіркеу, жылжымайтын мүлік құқықтарына бақылау жүргізу, заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеуден өткізуде тыңдырымды жұмыс атқарып келеді.
Одан бөлек, Түркістан облысының Әділет Депаратменті халық арасында құқықтық түсіндіру және заңгерлік көмек көрсету саласында айтарлықтай жетістіктерге жетуде.
Атап өтер болсам, «AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалында «Құқықтық көмек» жобасы аясында тұрғындарға салалық қоғамдық қабылдаулар, «Өз құқығыңды біл» жобасы аясында кездесулер, "Әділет органдарының ашық есік күні", "Әділет кеңес береді" акциясы, «Халық заңгері» бірыңғай науқаны, «Мемлекет кепілдік берген заң көмегі» аясында азаматтарға құқықтық консультациялар беріліп, мыңдаған адам құқықтық көмек алуда.
Сонымен қатар, түсіндірме жұмыстары тоқтатылмайды "Сенім телефондары", "Байланыс орталықтары", «119 нөмері бойынша Қазақстан ішінде тегін кеңес алу бойынша» жадынамалар тарату жұмыстары да жүргізіледі.
«Басқа шет мемлекеттің аумағында алимент өндіріп алу жөніндегі құқықтық көмек, оның ішінде Қазақстан ратификациялаған азаматтық, отбасылық және қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек және құқықтық қатынастар туралы», зияткерлік меншікті, тауар таңбасын қорғау тақырыптары бойынша да жұмыстар ұдайы жүргізілуде.
Осылайша, Түркістан облысының Әділет Депаратменті түрлі бағыттарда ел егемендік алған сәттен бастап ҚР Әділет министрлігі мен оның аймақ құрылымдары мен бөлімшелері мемлекеттік қызмет жүйесін құқықтық тұрғыдан қамтып, кәсіби біліктіліктерін жоғары дәрежеде дәлелдеп келеді.
Түркістан облысының Әділет департаментінің бас маманы -
Бейсебек Гүлсезім Байтұрғанқызы.