Түркістан облысынан Астанаға 550 тоннадан астам азық-түлік жөнелтілді

Oinet.kz 31-08-2023 267

Бүгін Астана қаласына Түркістан облысынан 550 тоннадан астам ауыл шаруалығы өнімдері артылған жүк керуені жолға шықты.

Screenshot_1.jpg

Айта кетейік, 2-3 қыркүйек күндері Түркістан облысының тауар өндірушілерінің қатысуымен Астана қаласында дәстүрлі ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтеді. Онда 550 тоннадан астам көкөніс, бақша, жеміс-жидек, ет, сүт, балық, құс өнімдері нарық бағасынан 15-20 пайызға төменгі бағада сатылатын болады.

Сондай ақ, жәрмеңкеде Түркістан облысының қатысуымен Елорда тұрғындары мен конақтарына арналған концерттік іс-шаралар ұйымдастырылады.

Республикада ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің 13%-ы Түркістан облысына тиесілі. Климаттық жағдай, жұмыс күші тұрғысында облыс ауыл шаруашылығын дамытуға ең қолайлы өңір. Облыста 80 мың агроқұрылымдар бар. 1 млн. астам халықтың әлеуметтік-экономикалық жағдайы ауыл шаруашылығымен тікелей байланысты.  

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Дархан Сатыбалды «Өнерлі өлке» облыстық өнер фестивалінің жеңімпаздарына автокөлік кілтін табыстады
«Samruk-Kazyna Trust» АҚ қайырымдылық қызметі аясында түркістандық 150 бала оңалтудан өтеді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу