Мақтааралдық делегция Жызақта болды

Oinet.kz 23-08-2023 339

43.jpg 

Ел Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен Қазақстан мен Өзбекстан елдерінің арасында ынтымақтастықты, сертіктестікті дамыту мақсатында биыл көптеген бірлескен іс-шаралар өтуде.  Осыған байланысты Мақтаарал ауданының әкімі Бақыт Асановтың тапсырмасымен өткен аптаның соңында Мақтаарал ауданынан бір топ делегация көрші елдегі орта және шағын кәсіпкерлік салаларын дамыту және басқа да салалар бойынша тәжірибе алмасу мақсатында Өзбекстан Республикасының Жызақ облысына арнайы жұмыс сапарымен барды. Бұл туралы Мақтаарал ауданы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Аудан әкімінің орынбасары Алтын Ешанқұлова бастап барған делегацияның құрамында бөлім басшылары мен мамандары, кенттер мен ауылдық округ әкімдері бар.

Ең алдымен делегация Жызақ облысына қарасты Шараф Рашидов ауданында болып, жастар орталығының ғимаратында ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуымен танысу мақсатында өткен арнайы жиынға қатысты. Жиында аталған аудан туралы кеңінен мәлімет беріліп, қос тарап шағын кәсіпкерлік, ауыл шаруашылығы, инвестиция тарту, ішкі саясат және идеология салаларын дамыту бойынша өздерінің тәжірибелерімен бөлісті.

Мұнан соң делегация Ш.Рашидов ауданының "Жастар" технопаркінде орналасқан көлік жабдықтарын шығаратын цехтың жұмысымен танысты. Кәсіпорында көліктің диск қақпағы, полигі және рульдік тартпасы шығарылып, 15-20 адам тұрақты жұмыс орнымен қамтылған. Сонымен қатар, делегация облыс орталығы Жыззақ қаласындағы сусындар шығаратын цехта да болды.

Мақтааралдан барған топ Жыззақ облысына қарасты Пахтакор ауданында да болып, осындағы текстиль фабрикасымен, тұқымдық дайындайтын, құрақ көрпе тігетін және қозықұйрық өндіретін шағын цехтардың жұмыстарымен де танысты. Іс-сапар барысында кейбір кәсіпорын басшыларымен өндірістерін Мақтаарал ауданынан ашу бойынша келісімсөздер жасалды.


Мәжілісмендер кеден бекеттерінің жұмысымен танысты
Келесте арна түзету жұмыстары жүргізіледі
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу