Мәжілісмендер кеден бекеттерінің жұмысымен танысты

Oinet.kz 23-08-2023 321

42.jpg

Сарыағаш ауданына Қазақстан Республикасының Парламент Мәжілісінің депутаттары Болатбек Нажметдинұлы, Ескендіров Мұқаш Зұлқарнайұлы және Қожасбаев Руслан Сәдуақасұлы іс-сапармен келді. Бұл туралы Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Кездесуге аудан әкімі Арман Абдуллаев, ҰҚК Шекара қызметі шекаралық бақылау департаменті бастығының бірінші орынбасары полковник Ғани Ағаділов, ҰҚК Шекара қызметі Түркістан облысы бойынша департаменті мен Сарыағаш ауданы бойынша шекара басқармасының басшылық құрамы қатысты.

Қазақстан Республикасының Парламент Мәжілісінің депутаттары аудан әкімі Арман Абдуллаевпен бірге аудан аумағында орналасқан кеден бекеттерінің жұмыс барысын бақылады.

Алдымен, «Жібек жолы» кеден бекетінінің жұмыс барысына куә болған Парламент депуттары,кеден қызметкерлерінің техникалық құралдарымен таныса отырып,кеден қызметкерлері жолаушыларды өткізу барысын баяндап өтті.

Сонымен қатар, «Қапланбек» өткізу бекетін жаңарту жұмыстарымен де танысқан Парламент Мәжілісінің депуттары мердігерлермен кездесті. Құрылыс жұмыстарын мерзімінде аяқтап,тапсыруды ұсынды.

Айта кетсек,2022 жылдың желтоқсан айынан бастап Түркістан облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің «Қапланбек» кеден бекетін кайта құру және толық техникалық қамтамасыз ету бойынша құрылыс жұмыстары басталды. Құрылыс жұмыстары 2024 жылдың соңына дейін жоспарлануда.


Жетісай: Қысқа дайындық пысықталды
Мақтааралдық делегция Жызақта болды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу