«AMANAT»: Түркістан облысы мәслихатының депутаттары атқарған жұмыстары туралы баяндады
«AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалы ғимаратында, партия филиалының ұйымдастыруымен бекітілген кестеге сәйкес барлық деңгейдегі мәслихат депуттарының, БАҚ бірге өтетін баспасөз мәслихаты өз жұмысын жалғастыруда.
Кезекті брифинг, облыстық мәслихат депутаты Ағабеков Жаңабай Молдабайұлы мен Басымбек Бахыт Мүсірәліұлының қатысуымен өтті.
Халық қалаулылары БАҚ өкілдерінің алдында 4 айда атқарған жұмыстары туралы баяндады. Жалпы қос депутат бүгінге дейін бекітілген кестеге сәйкес қоғамдық қабылдауларды тұрақты өткізіп, сайлаушылармен кездесу жұмыстарының өткендігін, жол картасы туралы атқарылған жұмыстарына кеңінен тоқталды.
- Әр бір тұрғынның мәселесін жіті назарға алып, оның оң шешімді болуы үшін барынша қызмет жасаймыз. Депутаттық сауалдар жолдап, мәселенің шешілуін бақылауға аламыз. Аудандарда су, газ мәселесі үнемі күрделі проблема екендігі рас. Жер мәселесінің де басты назарда тұрғанын атап өткім келеді, - деді депутат Ж.Ағабеков.
Мұнан өзге де депутат Жаңабай Молдабайұлынан журналистер қауымы солтүстікке қоныс аудару мәселесі бойынша сұрақтар қойып тиісті ақпараттар алды.
Ал, депутат Бахыт Мүсірәліұлы, есепті кезеңде тұрғындарды толғандыратын мәселелер бойынша облыстық құрылыс басқармасының 2023-2025 жылдарға арналған облыстық бюджетті нақтылау барысында Келес ауданы бойынша мектеп, мәдениет, әкімшілік ғимаратының құрылысына қаржы қарастыру бойынша депутаттық сауал жолдап, ол бүгінде өз шешімін қанағаттандырғанын айтты.
- Сессияда қабылданған әрбір шешім алдын-ала мәслихаттың тиісті тұрақты комиссияларында егжей-тегжейлі пысықталып, талқыланды. Мәселен өзіме қатысты комиссияның жұмысында,
- әлеуметтік-мәдени даму, мемлекеттік-құқық, жергілікті өзін-өзі басқару және депутаттық этика мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның ағымдағы жылдың 4 айында, 4 отырысы өткізіліп, 36 мәселе қарадық. Нақтырақ айтқанда, тұрақты комиссиялардың отырыстарында облыстық бюджетті нақтылау, мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерді қабылдау, облыс әкімдігі жанындағы ведомствоаралық комиссиялардың дербес құрамына өзгерістер енгізу, облыстық әкімшілік аумақтық құрылысы және атқарушы органдардың есептерін тыңдау туралы болады, - деді Б.Басымбек өз сөзінде.
Жалпы баспасөз мәжілісі аясында екі мәслихат депутаты журналистердің барлық толғандырған сұрақтарына жауап беріп, алдағы жұмыс жоспарларымен толыққанды бөлісті.
Айта кетейік, алдағы уақытта да барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының баспасөз мәжілісі, кестеге сәйкес жалғасын табатын болады.
«AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалының баспасөз қызметі