Төлеби ауданы: Бейнеткеште ауыз су құбырлары жаңартылды

Oinet.kz 28-07-2023 140

52.jpg 

Түркістан облысы Төлеби ауданының әкімі Төлеген Телғараевтың кезекті кездесуі жоспарға сай Бірінші Мамыр ауылдық округінде өтті. Бұл туралы Төлеби ауданы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Жиында аудан басшысы ауданның әлеуметтік экономикалық даму көрсеткіштері мен ІІ тоқсанда өткен басқосуда тұрғындар тарапынан көтерілген мәселелер бойынша атқарылған жұмыстар барысын баяндады.

Ауылдық округ бойынша автомобиль жолының жалпы ұзындығы – 163,3 шақырымды құрайды. Оның ішінде: облыстық маңызы бар жолдар – 20 шақырымды құраса, оның қанағаттанарлық жағдайы – 95,6 %, аудандық маңызы бар жолдар – 24,5 шақырым, қанағаттанарлық жағдайы – 90,4 %, елді мекеннің ішкі көшелері – 143,7 шақырымды құрайды.

2023 жылға өтпелі «Облыстық маңызы бар 8,6 шақырым КХ-29 «Шарапхана-Жаңабазар -1 Мамыр» автомобиль жолы» орта жөндеуден өткізілуде, бүгінге бір қабат асфалт төселіп, жарықтандыру бағаналары орнатылды.

Биылғы жылы «Ауыл Ел бесігі» бағдарламасы аясында Бірінші Мамыр ауылдық округі бойынша жалпы 14,7 шақырым 18 көше жөндеуден өтетін болады.

Ауыз су саласында 2023 жылға өтпелі - Бейнеткеш елді мекенінде 24,4 шақырым ауыз су құбырлары жаңартылып, ішкі құбырларға су берілді. Бұлақ басы каптаждалды. Қазір нысанды қабылдау жұмыстары жүргізілуде. Жаңажол елді мекенінде 37,7 шақырым ауыз су құбырлары жаңарту жұмыстары басталған. Нысан құрылысы 2024 жылға өтпелі.

2023 жылға өтпелі Тағайна елді мекенінде 11 көшеге (Айбын, Байлық, Береке, Бәйтерек, Бірлік, Ақжол, Ақпейіл, Аққайнар, Сазды және №1,2,3) және Жаңажол елді мекенінде жаңа массивке 183,0 млн.теңгеге мердігер «Шаңырақ ХХІ» ЖШС тарапынан жалпы 20,7 шақырым электр жүйесін тартып, 574 бағана, 6 дана трансформатор орнатылды. Тамыз айында іске қосылады.

Округтегі елді мекендерде орнатылған түнгі жарық – 15,8 шақырымды құрайды. 2023 жылы Ынтымақ елді мекеніндегі 1,6 шақырым орталық көшесіне түнгі жарық орнатылды. «Жарық жол» МКК тарапынан Алғабас елді 3,4 шақырым Бірлік көшесіне түнгі жарық орнатылады. Жұмыстар тамыз айында басталады. Сонымен қатар Тағайна елді мекенінде 2,4 шақырым Абырай көшесіне түнгі жарық орнатылуда.

Еркін форматта өткен жиын барысында аудан әкімі Төлеген Тұртайұлы проблемалық мәселелерді шешудің жолдары мен мерзімдерін түсіндіріп, тұрғындар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді.


Төлеби ауданы: Қорытынды кездесу Ленгір қаласында өтті
Төлеби ауданы: Зертаста сапалы жол 100 пайыз болады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу