Төлеби ауданы: Зертаста сапалы жол 100 пайыз болады

Oinet.kz 28-07-2023 295

53.jpg 

Түркістан облысы Төлеби аудынының әкімі Төлеген Телғараевтың үшінші тоқсандағы аудан тұрғындарымен жоспарлы кездесуі Зертас ауылдық округінде өтті.

-Бекітілген уақытта аймақ жұртшылығы Мәдениет үйіне жиналып, регламентке сай, басқосудың төрттен бір бөлігін ауданның әлеуметтік экономикалық даму тезистерінің 6 айдағы қорытындысымен, ІІ тоқсанда тұрғындар тарапынан көтерілген мәселелердің орындалу барысымен таныстыруға арнадым. Еркін форматтағы кездесуде округ халқы өздерін толғандырған мәселелерін сұрақ-жауап арқылы қойып, өтініш, ұсыныс-пікірлерімен бөлісті. Зертас ауылдық округі аумағындағы автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы–35,15 шақырымды құрайды (15-көше). Оның ішінде облыстық маңызы бар жолдардың жарамдылығы –97,5 %. Елді мекеннің ішкі қанағаттанарлығы – 75,5 % жыл соңымен 87,0 пайызға жететін болады. (Оның ішінде Зертас 100 пайыз болады). 2023 жылы Түркістан облысы автомобиль жолдары басқармасы тарапынан сметалық құны 1 400,0 млн теңгеге ұзындығы 36,0 шқ құрайтын облыстық маңызы бар «КХ-82 «Шымкент-Зертас-Көксәйек-Тасарық-Қасқасу» автомобиль жолы «АлемТранс-Строй» ЖШС орта жөндеуден өтізіліп, аяқ жол салынды. Ендігі кезекте жол кедергілері мен белгілері тамыз айында орнатылатын болады. Аудан бюджеті есебінен Зертас елді мекеніндегі 1,388 ш.қ Қ.Сәтпаев көшесіне асфальт төсеу жұмыстары жүргізілді. «Ауыл ел бесігі» аясында екі көшені орта жөндеуден өткізуге қаржы қаралған, мердігер мекеме «Адаларна» ЖШС анықталған, қазіргі кезде алғашқы жұмыстар басталды.

Ауылдық округте газ мәселесі толық шешімін тапқан. Бүгінгі күні Зертас елді мекеніне 64,0 ш.қ су құбыры тартылып, 2 дана резеруар құйылды. 531 – дана су құдық орнатылды. Резеруарлар ішіне су толтырылып, ішкі жүйелерге су жіберілген, 3 насостың қуаттылығы ұлғайтылды. Қазіргі кезде резеруардың айналасын асфальттау жүргізілді. Жалпы жұмыстар тамыз айында аяқталып, пайдалануға беріледі. 2023 жылы Жаңакүш елді мекенінің ауыз су құбырының құрылысы үшін құны - 286,7 млн. теңге жобасы әзірленіп,  сараптама қорытындысы алынған. Алғашқы жұмыстарды бастауға қаржы қаралып, бүгінге облыс тарапынан мемлекеттік сатып алу рәсімдері жүргізілуде.

«ОңтүстікЖарықТранзит» ЖШС өз меншігіндегі тозығы жеткен Зертас елді мекеніндегі Жамбыл көшесіндегі апатты жағдайдағы электр жүйелері мен 4 бағана ағымдағы жөндеу арқылы ауыстырылды. Зертас ауылдық округі бойынша жалпы 7,52 ш.қ түнгі жарық орнатылған. Орталық жолдардағы түнгі жарық мәселесі шешілген.

Биылғы жылы 6,2 шақырым аяқжол салынып, орталық жолдарда аяқжол мәселесі шешімін тапқан. Жиын барысында тұрғындар тарапынан көтерілген мәселелерді талқылап, сараптап, орындалу мерзімі мен жолдарын түсіндірдім. Басқосуда айтылған әрбір ұсыныс бойынша атқарылған жұмыстар мен жоспарланған ауқымды жобалар жөнінде мәліметтер аудан әкімінің ресми сайтына, аудандық БАҚ беттерінде жарияланады,-деп жазды аудан басшысы өзінің әлеуметтік желілердегі парақшасында.

 


Төлеби ауданы: Бейнеткеште ауыз су құбырлары жаңартылды
Азат Оралбаев-Ордабасы ауданының әкімі
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу