Төлеби ауданы: Қорытынды кездесу Ленгір қаласында өтті
Төлеби ауданының әкімі Төлеген Телғараевтың үшінші тоқсандағы аудан тұрғындарымен қорытынды кездесуі Ленгір қаласында өтті.
-Басқосу барысында тұрғындарды ауданның әлеуметтік экономикалық дамуының жарты жылдық қорытындысымен таныстырдым. Сонымен қатар екінші тоқсандағы кездесуде көтерілген мәселелердің орындалу барысын баяндадым. Ленгір қаласы бойынша облыстық маңызы бар жолдар – 7,1 шақырымды құраса, оның қанағаттанарлық жағдайы – 99,8 %, аудандық маңызы бар жолдар -16,3 шақырым, қанағаттанарлық жағдайы – 96,4 %. Ал қаланың ішкі көшелері -101,1 шақырым, қанағаттанарлық жағдайы – 98,5 %.
2023 жылы Ленгір қаласында 1,6 шақырым Кенші, Оқжетпес көшелеріне тас төсеу жұмыстары жүргізілуде. 1,2 шақырым А.Төлтебаев, Көкжиек көшелеріне, 0,612 шақырым Ж.Арзымбетов, Үміт көшелеріне және 0,612 шақырым Меделханов көшесіне асфальт төселді. Сондай-ақ Алдағы болатын бюджетті нақтылауға 5,74 шақырым болатын Таңжарық, Қ.Ешенқұл, А.Байтұрсынов, Жамбыл, Сейфулин Ақжол және 1 мөлтек ауданының ішкі көшелеріне қаржы қарауға бюджеттік өтінім берілді. Қала аумағына 11 дана жол кедергілері орнатылды. Төлеби және Қапал батыр көшесінің қиылысына бағдаршам орнатылды. 2023 жылы қазан айына дейін «Жарықжол» МКК тарапынан Ленгір қаласындағы тозығы жеткен жол кедергілері реттелетін болады. Ленгір қаласындағы су құбырының ұзындығы - 162,3 шақырымды құрайды. Абонент саны – 7392. 2023 жылы «Ленгір су» тарапынан қаладағы су жүйелерін ағымдағы жөндеуден өткізіп, су құдықтарды реттеу, сынған қақпақтарын ауыстыру мен бұрандаларын жөндеу жұмыстары жасалуда.
Өзекті мәселелердің бірі – кәріз жүйесі болатын. Ленгір қаласындағы №3-ші кәріз талазалау имаратының құрылысы үшін ЖСҚ әзірленіп, сараптаманың оң қорытындысы алынған. Аталған нысанның құрылысын бастауға 2022 жылы 21,0 миллион теңге бөлінген. 2023 жылы жұмыстарды жалғастыруға 900,0 миллион теңге қаралды. Нысан құрылысы күрделілігіне қарай 2024 жылға өтпелі. Газ саласында 2023 жылға өтпелі Север мөлтек ауданы квартал ішілік газ құбыры тартылып, мердігер «Ақнұр-Строй» ЖШС тарапынан шілде айында газ іске қосылды. Сонымен қатар Таскешу, Сәулембаев көшесіндегі квартал ішілік газ құбыры тартылып, мердігер «Ақнұр-Строй» ЖШС тарапынан шілде айында газ іске қосылды. Күмістөбе, Кенші көшелеріндегі газ құбырының құрылыс аяқталып, құбырлар сығымдаудан өтіп, актісі келісілді. Техникалық шарт алынып, «ҚазТрансГазАймақ» Шымкент өндірістік филиалымен келісім-шарт түзілді, атқарушы техникалық құжаты ұсынылған, ИТД нөмір алынып, газ іске қосылатын болады. Ленгер қаласы «Алатау» мөлтек ауданы 110 кВ ӘЖ бар ҚС-110/10 кВ электр қосалқы станциясын салу құрылысына сараптаманың оң қорытындысы алынған жалпы сметалық құны 2 169 миллион теңге. 2022 жылы жұмыстарды бастау үшін 5,0 миллион теңге бөлініп, мердігер «Алматымәдениетқұрылыс» ЖШС жерін тегістеу, электр құрылғыларын алу жұмыстарын бастады. 2023 жылы жұмыстарды аяқтауға 2 123 миллион теңге қаралып отыр.
Ленгір қаласы 26,1 шақырым түнгі жарықпен, 20,1 шақырым аяқ жолмен қамтылған. 2023 жылдың ақпан айында «Жарық жол» МКК тарапынан Ленгір қаласы, Кенші көшесіне (темір жолдың бойына) түнгі жарық шамдар орнатылды. Кездесуде тұрғындар тарапынан көтерілген мәселелерді жан-жақты талқылап, сұрақтарына жауап бердім. Өтініштердің барлығы заң аясында кезең-кезеңімен шешімін табатынын және мәселелер жеке бақылауымда болатынын жеткіздім,-деп жазды аудан әкімі өзінің әлеуметтік желідегі парақшаларында.