Төлеби ауданы: Кіріс жоспары артығымен орындалды

Oinet.kz 01-08-2023 319

50.jpg 

Төлеби ауданының әкімі Төлеген Телғараевтың төрағалығымен өткен әкімдік мәжілісінде ауданның 2023 жылғы II тоқсанындағы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындысы мен ауданның 2023-2024 жылдарға арналған қысқы жылу беру маусымына дайындығы талқыланды. Бұл туралы Төлеби ауданы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Күн тәртібіне сәйкес аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Мансұр Ашрапов баяндама жасап, ағымдағы жылдың 6 айында бюджеттің кіріс бөлігінің жоспары 115,3 пайызға немесе 254 млн. теңгеге жоспардан артық орындалғанын атап өтті. Сондай-ақ қала, ауылдық округ әкімшіліктерінің кіріс жоспары 189,4 пайызға немесе 145 млн 371 мың теңгеге жоспардан артығымен орындалған. Ауылшаруашылық саласының өнім көлемі 2023 жылдың 6 айында 19 млрд. 175 млн. теңге. Нақты көлем индексі 102,7 пайыз. Өнеркәсіп саласында 2023 жылдың 6 айында 22 млрд. 069 млн. теңгенің өнімі өндіріліп, нақты көлем индексі 105,1 пайызды құрады.

Жылу маусымына дайындық жөнінде аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Серғазы Қалдыбаев баяндады. Баяндамашының мәлімдеуінше, аудан бойынша коммуналдық көпқабатты 23 тұрғын үйдің жылу жүйесі көгілдір отын (газ) арқылы орталықтандырылған қазандықпен жылытылады. Қалған көп қабатты үйлер автономды жылыту жүйелерімен жылытылады. Бүгінгі таңда Ленгір қаласы 1-мөлтек ауданында орналасқан орталық қазандық ғимаратындағы 3 дана қазандық, 4,1 шақырым жылу тарату жүйелері және Новостроевка елді мекені, Байтұрсынов көшесіндегі, №25-Б көп қабатты үйдің қазандық ғимаратындағы 2 дана қазандық, жылу жүйелеріне сығымдау жұмыстары жүргізілуде. Биылғы жылы «Ленгір су» мекемесі тарапынан 1 дана қазандық жаңартылады. Айта кетерлігі, аудандағы бюджеттік мекемелердің саны 205. Қажетті қатты отынның көлемі 3921 тонна болса, қазіргі таңға тасымалданғаны 1520 тоннаны құрап отыр.

Мәжіліс барысында аудан басшысы қаралған мәселелердің өзектілігіне тоқтала кетіп, олар бойынша сұрақтар қойып, бірақтар кемшіліктерді сынға алды. Жиында берілген тапсырмалардың орындалу барысы бақылауында болатынын айтты.


Жетісай: Тағы бір елді мекенге газ берілді
Төлеби ауданы: Қорытынды кездесу Ленгір қаласында өтті
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу