«Ауыл аманаты»: Түлкібаста 45 жоба мақұлданды

Oinet.kz 29-06-2023 213

56.jpg

Түлкібас ауданында тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыру, халық табысын ұлғайту және жаңа жұмыс орындарын ашу мақсатында «Ауыл аманаты» бағдарламасы шеңберінде аудан әкімдігінің үйлестіруімен жүйелі жұмыстар атқарылуда. Бұл туралы Түлкібас ауданы әкімдігінің басапсөз қызметі хабарлады.  

Пилоттық жоба ретінде алғашқы болып таңдалған Балықты мен Мичурин ауылдық окургтерінде мал шаруашылығы оның ішінде сауынды сиыр бағыты мен сүтті қайта өндеу, балық, құс шаруашылығын дамыту бойынша осы күнге дейін құжаттары толық рәсімделген 45 жоба мақұлданып, соның ішінде 8 жоба 45 млн. теңгеге қаржыландырылып отыр.

Бұл жайында бүгін аудан әкімі Нұржан Ізтілеуовтың төрағалығымен өткен жиында тиісті окург әкімдері мен осы бағыттағы жұмыстарды үйлестіруге жауапты бөлім басшысы баяндады.

Аудан басшысы бағдарламаның игілігін барынша округ тұрғындары көру керектігін ескертіп, тиісті құжаттарын рәсімдеуге қолдау көрсетуді тапсырды.

Бұдан бөлек лездемелік жиында аудан аумағындағы елді мекендердің санитарлық тазалығы мен күре жол бойындағы ғимараттардың қасбеттерін ретке келтіру мәселесі қаралды.

«Ауыл тазалағы-ел көркі»-демекші, аудан басшысы аудан әкімі аппараты инспекторларының аралауы барысында анықталған кемшіліктерді тез арада жоюды ауыл әкімдеріне жүктеп, 1-шілдеге дейін мерзім белгіледі.

Тұрмыс жағдай төмен отбасыларға көмек беріп, үйлерінің қасбеттерін ретке келтіру бойынша қолдау көрсету керектігін атап өтті.


Төлеби ауданы: Білім саласында тың жобалар қолға алынды
Арыс: «Ауыл аманатын» түсіндіретін топ жұмыс істеуде
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу