Арыс: «Ауыл аманатын» түсіндіретін топ жұмыс істеуде

Oinet.kz 01-07-2023 359

58.jpg

Түркістан облысы Арыс қаласының әкімі Гүлжан Құрманбекова тұрғындарды кезекті рет жеке мәселелері бойынша қабылдады. Қабылдауға алдын ала жазылған тұрғындар өздерін толғандырған мәселелерін жеткізді. Бұл туралы Арыс қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Оның ішінде жер мәселесі, мемлекеттік бағдарламалар арқылы жеңілдетілген несие алу, әлеуметтік көмек, коммуналдық сұрақтар, тұрғын үй құрылысы сынды мәселелер бар. 

Қабылдау барысында қала басшысы әрбір тұрғынның жеке мәселесін тыңдап, бірқатарына заңдылыққа сәйкес жауап берсе, бірқатар мәселені шешу үшін тиісті бөлім басшыларына тапсырмалар жүктеді. Сондай-ақ, әр мәселені жеке бақылауға алатындығын атап өтті.

Арыс қаласының әкімі Гүлжан Құрманбекова елді мекен тұрғындарының табысын арттыруға бағытталған «Ауыл аманаты» жобасын ауыл жұртына кеңінен түсіндіру мақсатында жұмысшы топ құрған болатын.

Осыған сәйкес, қала әкімінің орынбасары Ерғали Қуандық, «Түркістан әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы" АҚ-ның Қаржы және «Ауыл аманаты» бағдарламасының мониторингі жөніндегі басқарушы директоры Нұрлыбек Ақылбекұлы, «Ырыс» МҚҰ» ЖШС-нің басқарма төрағасының орынбасары Берік Асқанбайұлы бастаған жұмысшы топ өкілдері Жиделі мен Байырқұм ауылдарында болып, 2,5 пайыздық жеңілдетілген несие алуға ниетті әр азаматқа құжаттарды рәсімдеуде нақты көмектер мен кеңестер берді.

Бұл бағытта жұмыстар алдағы уақытта да жалғасатын болады.


«Ауыл аманаты»: Түлкібаста 45 жоба мақұлданды
Теміржолшылар саябағы қайта жаңғыртылуда
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу