Сарыағаш: Басты бағыт-өмір сүру сапасын арттыру

Oinet.kz 11-06-2023 193

40.jpg 

Сарыағаш ауданының әкімі Арман Абдуллаевтың тұрғындармен кездесуі Қабланбек ауылдық округінде жалғасты. Аудан басшысы наурыз айындағы кездесуде көтерілген мәселелер бойынша атқарылып жатқан жұмыстарды айтып өтіп, тұрғындардың өзекті мәселелері мен ұсыныстарын тыңдады.

– Әкімдердің басты бағыттары – тұрғындардың табысын арттыру, жұмыспен қамту, өмір сүру сапасын арттыру үшін қажетті инженерлік инфрақұрылым мен сапалы білім, медициналық көмек және азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Міне, бүгін өздеріңізбен жүздесіп, аудандағы көкейкесті мәселелерді бірге талқылап, оның шешу жолдарын қарастыру үшін кездесуге келіп отырмын, – деді аудан басшысы Арман Абдуллаев. 

Сарыағаш ауданы әкімдігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, 

кездесу барысында ауыл тұрғындары каналды бетондау, тозығы жеткен электр бағаналарын ауыстыру, асфальт төсеу, дәрігерлік амбулатория салу, қоғамдық тәртіп мәселелері талқыланды.

Аудан әкімі Арман Абдуллаев тұрғындар көтерген мәселелердің әрбіріне жеке-жеке тоқталып, мәселелердің шешілу жолдарын қарастырып, заңға сәйкес тиісті жауап берді.


Сарыағаш: Халықпен кездесу еркін форматта өтті
«Ауыл аманаты»: Мақсат-жұмыссыздықты азайту
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу