Сарыағаш: Халықпен кездесу еркін форматта өтті
Түркістан облысы Сарыағаш ауданының әкімі Арман Абдуллаевтың тұрғындармен кезекті кездесуі Әлімтау ауылдық округінде өтті. Кездесуде аудан басшысы аудан көлемінде әр саладағы көрсеткіштеріне жеке-жеке тоқтала келіп, түйінді мәселелерді шешу жолдарын айтып өтті. Бұл туралы Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.
Одан кейін, жыл басынан бері атқарылған жұмыстарға қысқаша тоқталып, алдағы жоспарлармен бөлісіп, ауыл тұрғындарымен бірге өзекті мәселелерді егжей-тегжейлі талқылады.
Кездесу барысында «Біздің мақсатымыз – сіздермен еркін пікір алмасып, маңызды мәселелерді талқылау. Себебі ауыл мәселесін сіздерден артық білетін ешкім жоқ. Алдағы уақытта да ауылдарды дамыту жұмыстары жаңа қарқынмен жалғасатын болады», - деді Арман Абдуллаев.
Еркін форматта өткен кездесуде тұрғындар көпірді күрделі жөндеуден өткізу, табиғи газбен қамтамасыз ету, таза ауыз сумен қамтамасыз ету туралы мәселелерді көтерді. Аудан әкімі Арман Абдуллаев әрбір тұрғынның сұрағын жауапсыз қалдырмай, барлық сұраққа жеке жеке тоқталып, заң аясында жауап берді. Жиыннан соң ауыл жұрты жеке мәселелері бойынша әкім қабылдауында болып, түйіткілді мәселелердің түйіні тарқатылды.