Сарыағаш: Тазалыққа күнделікті рейд жүргізіледі
Түркістан облысы Сарыағаш ауданының әкімі Арман Абдуллаевтың тапсырмасына сәйкес Сарыағаш қаласындағы тазалықты ретке келтіру бойынша тиісті шараларды қабылдау үшін аудан әкімінің аппарат басшысы О.Ыбрай Сарыағаш қаласы әкімінің орынбасарлары, жауапты қызметкерлері мен тазалыққа жауапты арнайы ұйымдардың басшыларымен арнайы мәжіліс өткізді. Бұл туралы Сарыағаш ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Мәжіліс барысында қала аумағындағы орталық көшелердегі күл-қоқыстардың бей-берекет тасталып, кәсіпкерлік нысан аумағында алып кетілмеген қоқыстар жөнінде тиісті түсіндіру жұмыстары жүргізіп, күнделікті рейдтік іс-шаралар жүргізу тапсырылды.
Сонымен қатар, дер кезінде алып кетілмей жатқан тұрғындардың өтініштері назарға алынып, бұдан былай тазалыққа жауапты ұйымдарға аудан аумағында тұрмыстық қалдықтарды бекітілген кестеге сәйкес алып кетуін қамтамасыз ету тапсырылып, осы мәселе аудан әкімінің қатаң бақылауында екені ескертілді.
Одан бөлек аудан тұрғындарына, кәсіпкерлік нысан иелеріне Түркістан облыстық мәслихатының 2019 жылғы 13 қыркүйектегі № 42/436-VI шешімімен бекітілген Түркістан облысының жасыл екпелерді күтіп ұстаудың және қорғаудың Қағидаларын, қалалары мен елді мекендерінің аумақтарында абаттандырудың Қағидаларының тармақтарын жеткізу және түсіндіру жұмыстары жүргізу қажет екені атап өтілді.
Осы қағидаға сәйкес: Жеке және заңды тұлғалар барлық аумақта, оның ішінде жеке үй иелері аумақтарында тазалықты сақтайды және тәртіпті қолдайды, абаттандыру элементтерінің (жолдар, тротуарлар, көгалдар, шағын сәулеттік нысандары, жарықтандыру, су бұрулар) зақымдануына және бұзылуына жол бермеу қажет.
Нысан иелері жапсарлас аумақтарда (автотұрақтар, боксты гараждар, ангарлар, қосалқы қойма құрылыстары, ғимараттар, сауда және қызмет көрсету объектілері) санитариялық тазалауды және жинауды коммуналдық шаруашылық ұйымдарымен қамтамасыз етеді немесе оны өз бетінше жүргізеді.
Сауда объектілеріне іргелес жатқан, көшеде уақытша сауда жасау аумағының орындарын көшедегі жүру жолдарын қоса алғанда, сауда объектілерінің иелері тазартады делінген.
-Осы мәселелер бойынша тұрғындармен өз үйінің маңайы мен көшесінде тазалық сақтау бойынша түсініктеме жұмыстарын үнемі жүргізуді, аудандық полиция бөлімі тарапынан санитарлық тазалықты сақтамаған заңды және жеке тұлғаларды әкімшілік жазаға тартуды жандандыру керек, - деді аудан әкімінің аппарат басшысы мәжіліс соңында.