Келес: Мамандар ветеринария саласының мәселесін талқылады

Oinet.kz 10-06-2023 230

37.jpg

Түркістан облысы Келес ауданы әкімдігінің мәжіліс залында ветеринария саласындағы жұмысшы топтың көшпелі отырысы өтті. Бұл туралы Келес ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Жиынға Түркістан облысының ветеринария басқармасы энзоотиялық іс-шараларды атқару және мониторинг бөлімінің басшысы Н.Жақып және Түркістан облысының ветеринария басқармасының «Ветеринариялық қызмет» МКК-ның ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жоспарлау маманы Б.Керім Келес ауданына арнайы келіп, ауыл және ауылдық округ әкімдері мен ауданның «Ветеринариялық қызмет» МКК-ың мамандары және Келес ауданының статистика басқармасының мамандары қатысты. 

- Ауыл шаруашылығы жануарларын есепке алу кітапшасын күнделікті жаңарту қажет және АШЖБ дерекқор базасындағы және ауыл шаруашылық жануарларын есепке алу кітабындағы мал санын сәйкестендіру, ауыл және ауылдық округ мамандары және ветеринария мамандарымен бірлесіп ЭӘШБЕА БҚ-ға деректерді ауыстыру және тиісті түзетулерді енгізу мақсатында деректерді пайдаланумен маусымның 1-нен 30-на дейінгі кезеңде аулаларды толық аралау керек. Сонымен қатар, халыққа сауал салуды жүргізу арқылы әр шаруашылық бойынша есепке алу деректерін өзектендіру жүргізу, мал дәрігерлерге сырғасыз жүрген малдарды есепке алу, ветеринариялық инспекторларға сырғалатпаған мал иелеріне айыппұл салу және базардағы малдарды тірідей және еттей сатылымы және мал сою пунктеріндегі малдың сойылуының есептерін кіріс-шығысын қадағалауды сұраймын. Сондай-ақ ауыл және ауылдық округ әкімдері берілген функцияға сәйкес, мал санақ жүргізуді қамтамасыз ету қажет, - деді Түркістан облысының ветеринария басқармасы энзоотиялық іс-шараларды атқару және мониторинг бөлімінің басшысы Н.Жақып. 

Жұмысшы топтың көшпелі отырысында қаралған мәселелер назарға алынып, хаттама толтырылды. 


Шардара: Әкіммен кездесуде инфрақұрылым мәселесі көтерілді
Сарыағаш: Тазалыққа күнделікті рейд жүргізіледі
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу