Түркістан: «Бизнеске жол» жобасы аясында 1064 кәсіпкердің құқығы қорғалды

Oinet.kz 14-06-2023 239

Бұл туралы бүгін Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша Департаментімен өткен баспасөз мәслихатында мәлімделді.

IMG-20230613-WA0071.jpg

Баспасөз спикері Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша Департаменті Превенция басқармасының басшысы Ержан Жүнісов аймақтағы кәсіп иелеріне Агенттіктің бастамасымен кәсіпкерлерді қорғау бойынша іске қосылған «Бизнеске жол»  жобасының негізгі мақсаты - кәсіпкерлерге түрлі құжаттарды ресімдеу кезінде әкімшілік кедергілер мен әуре-сарсаңдарды еңсеруге көмектесу, мемлекеттік қызметшілер қабылдайтын шешімдердің мерзімдері мен ашықтығын сақтауды қамтамасыз ету екендігін жеткізіп, жұмыс күндері Департамент тарапынан кәсіпкерлердің проблемалық мәселелерін шешу жолдары қарастырылатынын хабарлады. 

Сондай-ақ, дүйсенбі күндері сағат 15:00 - 17:00 аралығында Түркістан облыстық кәсіпкерлер палатасында бизнес-қауымдастық өкілдеріне жеке қабылдау өткізілетінін БАҚ өкілдерінің назарына жеткізді.  

Бұдан бөлек,  бизнес өкілдеріне  жерді ресімдеу, сәулет және басқа да бақылаушы органдардан рұқсат алу, коммуникацияларды қосу, мемлекеттік қолдаулар, соның ішінде кредиттер, гранттар мен субсидиялар алу кезінде кедергілер мен тәуекелдер ұшырасқан жағдайда,  Агенттіктің тәулік бойы тегін қызмет көрсететін 1424

Әлтаев 135 мың доллар пара алған
Түркістан: Келестік диқандар ресейге қарбыз экспортын бастады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу