Әкімдіктің басты мақсаты -халықпен диалог құру

Oinet.kz 03-06-2023 214

37.jpg

Түркістан облысы Келес ауданының орталығы Абай ауылындағы Ә.Кенжеев атындағы аудандық мәдениет үйінде аудан аумағына қарасты ауыл және ауылдық округтердегі экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, сауатты құқықтық кеңес беру, қарапайым халықтың қаржылық қауіпсіздігін және сауаттылығын арттыру, қаржылық пирамидаларының алдын-алу, қаржылық жаңалықтардан хабардар болу және қажетті қаржылық ақпараттарды пайдалана білу, қаржылық алаяқтық белгілерін танып білу, қаржылық пирамидалар бойынан пирамидаларға ортақ жалпы белгілерді танып-білу мақсатында Экономикалық қауіпсіздік: «Өркендеу мен тұрақтылық кепілі» атты акция өтті. Бұл туралы Келес ауданы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Акцияға Түркістан облысы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаментінің аса маңызды істер жөніндегі жедел уәкілі Демесинов Қуат Демесинович, құзырлы органдар, жергілікті мәслихат депутаттары, дербес бөлім басшылары, ауданның адами әлеуетті дамыту бөлімінің басшысы, мұғалімдер, ауыл және ауылдық округ әкімдері мен штаб мүшелері жастар, кәсіпкерлер, «Атамекен» ҰКП-ң мамандары, БАҚ өкілдері қатысты. 

Жиынды Келес ауданы әкімінің орынбасары Сексенбаев Алмас Икрамұлы ашып, жүргізіп отырды. Акцияның күн тәртібінде 5 мәселе қаралады. Олар, Экономикалық қауіпсіздік: «Өркендеу мен тұрақтылық кепілі» туралы баяндаманы Түркістан облысы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаментінің аса маңызды істер жөніндегі жедел уәкілі Демесинов Қуат Демесинович жасаса, қаржылық көрсетілетін қызметтерді тұтынушы ретінде өзінің заңды құқықтарын білу және мүдделерін қорғай алу туралы Келес ауданы прокурорының орынбасары Ш.Надирбаев баяндады, ал қаржылық пирамидалар бойынша пирамидаларға ортақ жалпы белгілерді танып-білу туралы Келес аудандық полиция бөлімінің бастығының бірінші орынбасары Жаппаров Ерлан атап өтсе, аудан көлемінде биылғы жылдың 5 айында «2021-2025жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі Ұлттық жоба» шеңберінде атқарылып жатқан жұмыстар жайлы Келес ауданы әкімдігінің Халықты жұмыспен қамту орталығының директоры міндетін уақытша атқарушы Құралов Серік Төлегенұлы айтты. 

Сонымен қатар, халықты жұмыспен қамтуға бағытталған мемлекеттік бағдарламаларға және жастарға арналған жеңілдетілген 2,5 несие бойынша түсіндіру жұмыстарының барысын Келес ауданы әкімдігінің «Жастар ресурстық орталығының» директоры А.Ташкенбай айтып өтті. Жиын соңында аудан әкімінің орынбасары Алмас Сексенбаев өткізілген акцияның маңыздылығына тоқталды. 

- Әкімдіктің басты мақсаты халық өкілдерімен диалог құру, ортақ мәселелер бойынша пікір таластыру мәдениетін қалыптастыру, қордаланған мәселелерді принциптері сүзгісінен өткізу арқылы тиісті саяси шешімдер қабылдау болып табылады. Бүгінгі ұйымдастырылып отырған акциядан маңызды ақпараттармен танысып, өздеріңізге қажетті мағлұматтар алып, қаржылық алаяқтық белгілерімен таныс болдыңыздар деп ойлаймын. Осыған орай, Сіздермен әріптестік, сыйластық, құрметтеушілік қағидаттарын қалыптастырып, пкірлердің әр-алуандығын ескеріп, өзекті мәселелерді бірлесіп шешу қажет деп санаймын, - деді Алмас Икрамұлы.


Келесте сервистік тәсілді енгізу жөнінде топ құрылды
Келес: Тазалық мәселесі қатаң қадағаланады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу