Шардара: Сервистік моделдің 2-кезеңі басталуда
Мемлекет Басшысының «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңде» атты Жолдауында полиция қызметін сервистік модельге көшіру және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің алғы шарттарын айтқан болатын.
Жоғарыда көрсетілген негізінде Шардара ауданында сервистік модельге көшу мақсатында Шардара ауданы әкімінің 18 қаңтар 2023 жылғы № 2-9 Ө өкімімен «Шардара ауданы әкімдігі жанынан қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде сервистік тәсілді енгізу жөніндегі ведомствоаралық топ құру туралы» жұмысшы топ құрылып, оның жоспары мен жарғысы бекітілді. Бұл туралы Шардара ауданы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.
Бұл топқа Шардара аудандық полиция бөлімінен, Шардара аудандық прокуратурасынан, Шардара аудандық Төтенше жағдайлар бөлімінен, Шардара аудандық пробация қызметі бөлімінен, Шардара аудандық қоғамдық кеңесінен, Шардара аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінен, «Жастар» ресурстық орталығынан, Шардара аудандық адами әлеуетті дамыту бөлімінен және Шардара аудандық орталық ауруханасының өкілдері енгізілді.
Шардара ауданында қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде сервистік тәсілді енгізу жөніндегі ведомствоаралық тобымен жоспарланған іс-шараларды атқару барысында САРА моделінің 1-кезеңі сканерлеу кезеңін жүзеге асырды.
Яғни, 1-кезең. Сканерлеу (мәселелерді анықтау және басымдық беру)
-Пилоттық жоба ретінде Шардара қаласы толықтай енгізілді.
- Шардара қаласы бойынша статистикалық деректер толықтай жинақталды.
-Халық арасында сауалнама жүргізілді қауіпсіздік мәселелеріне талдау жасалды.
Ең алдымен жан- жақтама ақпараттар жиналды. Ондағы керек Шардара қаласы туралы соңғы статистикалық мәліметтер, Қаланың картасын шығару және ондағы, қызыл аймақтарды белгілеу жұмыстары атқарылды. Сондай-ақ қарапайым халықтың полиция қызметкерлеріне деген сенімдігін анықтау мақсатында қала аумағында сауалнамалар жүргізілді. Сауалнама барысында, социологиялық зерттеудің көрсеткіштеріне сәйкес, полиция қызметкерлерінің оң әрекеттерін атап көрсету туралы қойылған ашық сұраққа полиция қызметкерлерінің қызмет барысындағы кемшіліктерін айтып, теріс көзқарастағы респонденттердің саны басым екені анықталды. Сауалнама Шардара аудандық Жастар ресурстық орталығы және волонтерлермен жүзеге асырылды.
Сауалнаманың негізі мақсаты - Шардара қаласы тұрғындарының ішкі істер органдары қызметкерлеріне деген көзқарасын анықтау және зерделеу болып табылады. Зерттеуге қала тұрғындары арасынан 1000 респондент қамтылды.
Сауалнамаға қатысқан азаматтардың 55,2 пайызы полиция қызметкерлерінің жұмысына қанағат екенін білдіріп, өте жақсы – деп жауап берсе, 26% жақсы, 10 жаман, ал қалған 8,8% өте жаман деп жауап берген.
Дегенмен, «Аймақтағы полицияның сервистік моделі» пилоттық жобасының іске асырылуына тұрғындардың көзқарасын қанағаттаналарлық деңгейде баға берілген.
Сонымен қатар, сканерлеу кезеңінде мағлұматтарды жинақтау барысында Шардара қаласының ведомстволық бағынысты аумақтың шекаралары мен параметрлері анықталды.
Бүгінгі күні сервистік моделдің 2-кезеңге, яғни талдау (Жиналған деректерді өңдеу) «Қылмыстылық үшбұрышы» бойынша талдамалық зерттеу жүргізу жұмыстары ұйымдастырылуда.