Ең маңызды міндет-халықтың сенімі

Oinet.kz 06-06-2023 333

30.jpg

 Шардара ауданы полиция бөлімінің бастамасымен Қоғаммен бірге қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің 2024-2028 жылдарға арналған тұжырымдамасының негізгі тәсілдері мен бастамалары бойынша Шардара аудандық полиция бөлімінің бастығы Шералы Әділханұлы кең көлемде баяндама жасады. 

«Ішкі істер органдарының жүйесі ең ірі және көпфункционалды болып табылады, оған көптеген міндеттер жүктелген.Қазір полиция елде тіркелген барлық қылмыстардың 96 пайызы тергеп жатыр және барлық әкімшілік құқық бұзушылықтардың 97 пайызын тоқтатады. Жұмысты ұйымдастыруды жақсарту, қылмысқа қарсы іс-қимылдың жаңа түрлерін енгізу, заңнаманы жетілдіру бойынша үлкен жұмыс жүргізілуде. Сонымен бірге, бәрі полицияға байланысты емес. Яғни, қылмысқа ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою үшін жүйелі жұмыс қажет. Қазір Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Қоғаммен серіктестікте қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің тұжырымдамасы әзірленуде. Ол ағымдағы жылы қабылданады. 

Бұл Мемлекет басшысының Жарлығымен 5 жылға бекітілген маңызды стратегиялық құжат. 

Тұжырымдамада қоғамдық қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру стратегиясы, барлық алдын алу және азаматтарды тарту субъектілерінің ортақ жауапкершілігі, ІІМ-нің мемлекеттік органдардың жұмысын үйлестіру, олардың Президентке жыл сайынғы баяндамасындағы үлесін бағалау жөніндегі өкілеттігі бекітілетін болады.

Бірінші кезеңнен бастап тұжырымдаманы әзірлеуге: халықаралық ұйымдар (БҰҰ ЕҚЫҰ, ЕҚЫҰ, БҰҰДБ), үкіметтік емес сектор, ғылыми қоғамдастық, жұртшылық, тәуелсіз сарапшылар, сондай-ақ мүдделі мемлекеттік органдар қатысуда.Жұмыс барынша ашық атқарылуда. Сондай-ақ, халық арасында сауалнама жүргізілді. 

Бұл қоғамның сұраныстарын ескеруге және «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» қағидатына сәйкес келуге мүмкіндік берді. Сонымен қатар азаматтарды қатты толғандыратын мәселелерді анықтауға болады»- деді өз сөзінде Ш.Әділханұлы. 

Бұдан бөлек, азаматтарға полиция қызметтерін көрсетудің үш деңгейлі моделіне көшу жүзеге асырылатындығы айтылды. Атап айтқанда: адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге арналған қоғамдық орындардағы модульдік бекеттер, учаскелік пункттер – шағын аудан тұрғындарына қызмет көрсету және сервистік орталықтары. Олар Президенттің тапсырмасы бойынша құрылады. Онда заң консультациялары мен өтініштерден бастап, қылмыстық істерді тергеу барысына дейінгі азаматтардың күнделікті өзекті мәселелері жедел шешілетін болады.

Ш.Әділханұлы басқа да оң өзгерістерге жеке-жеке тоқталып, қоғамдағы әртүрлі қылмыс деңгейлерінің себеп-салдарын жіктеп, оны азаюына ықпал ететін нақты бағыттарды баяндады. 

Жалпы қылмыстың салдарымен ғана күреспей себебін анықтап, полиция қызметшілері мен әкімдік қызметшілері қоғаммен тығыз байланысты орната отырып, ашық түрде жүйелі жұмысқа көшуге ниетті екендігін атап өтті. 

Бұдан бөлек, Шардара АПБ, ЖПҚБ учаскелік полиция инспекторы Серік Естаев жаңа Сервистік модель бойынша баяндама жасады. 

«Мемлекет Басшысының Қазақстан халқына жолдауында полицияның сервистік моделіне көшу, "Жұртқа жақын полиция" қағидатын қалыптастыру тапсырылған болатын.

Осы негізде, полиция қызметіндегі қоғамға бағдарланған тәсілді басқару стилі, мәселелерді шешуге және қоғаммен серіктестікке бағытталған ұйымдастырушылық стратегиясының бірі Cервистік модель (полиция) жүзеге асырылды. Бұл жоба Түркістан қаласында өз нәтижесін беріп, жалғасын тауып іске асырылуда және биылдан бастап Шардараға да жоба ретінде енгізілді. Бүгінгі күні бұл жобаға тек Шардара қаласы аумағына енгізіліп отыр.

Негізінен сервистік модель негізгі үш басым бағытпен айқындалған:

Бірінші бағыт - полицияның азаматтарға қолжетімді болуы.

Екінші бағыт - құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептерді анықтау, оларды жоюға бағытталған шараларды қабылдау арқылы құқық бұзушылықтардың алдын алу.

Үшінші бағыт- қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуде халықпен тығыз серіктестік және ашықтық. 

Тарихқа көз жүгіртсек Ұлыбритания- жаңа сервистік моделіне өткен алғашқы елдің бірі. Бұл салада нәтижеге қол жеткізу үшін оларға 15 жылға жуық уақыт қажет болған. Сондай-ақ, бұл модель Германия, Франция, Австралия, Америка Құрама Штаттарында және басқада өркениетті мемлекеттерде қолданысқа ие. 

Ал, 2005 жылы түбегейлі саяси реформа жүргізген Грузия мемлекетінің тәжірибесінде 13 жылдан кейін қол жеткізген. Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, сервистік модельге көшу көп жылдық еңбекті қажет етеді. 

Сервистік модель іске асырылған кезде құқықтық жағдайдың нақты сауықталуы, халықтың мемлекеттік органдарға деген сенімі артатын болады»- деді Серік Естаев.

 Шардара ауданы әкімінің баспасөз қызметі


Шардара: Инфрақұрылым тарту жұмыстары қарқынды жалғасады
Шардара: Сервистік моделдің 2-кезеңі басталуда
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу