Күн тәртібінде –қауіпсіздік, жастар мәселесі

Oinet.kz 06-06-2023 250

32.jpg

Түркістан облысы  Жетісай ауданының әкімі Серік Үсенұлы Мамытовтың төрағалығымен аппарат мәжілісі болып өтті. Бұл туралы Жетісай ауданы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Қала, кент, барлық ауылдық округтердің әкімдері мен бөлім басшылары, құзырлы мекеме өкілдері қатысқан жиынның күн тәртібінде аудандағы шомылу маусымы басталуына байланысты судағы қауіпсіздік шаралары, жастар саясатының ауданда жүзеге асырылуы, Жетісай қаласын дамыту бойынша атқарылып жатқан жұмыстар мен қаладағы ретсіз сауда орындарын жою туралы мәселелер көтеріліп, жауапты сала басшыларының баяндамалары тыңдалды. Өзекті мәселелері тыңдалып, ұсыныс-пікірлер талқыланды.

Аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің басшысы Досан Жамединов жазғы шомылу маусымында балалар мен ересектердің белгіленбеген жерлерде шомылу қауіптілігін түсіндіру мен адам өлімінің алдын алу бойынша үгіт-насихат жұмыстарының каналдар мен арық-атыздарға жақын орналасқан елді мекендерде тұрақты түрде жүргізіліп, суда шомылу ережелері мен қағидаларын қатаң сақтау, суға батқан жағдайда алғашқы медициналық көмек көрсету жолдары түсіндіріліп, үнпарақшалардың таратылып жатқанын айтты.

Бөлім басшысының мәліметінше судағы қауіпсіздік шараларын елемеу адам өміріне қауіпті екені, балаларды өз еркімен таныс емес белгіленбеген орындарда шомылуға болмайтыны туралы ескерту бойынша телеарна мен басылым беттерінде, әлеуметтік желілерде тиісті жұмыстар жүргізілуде.

Сонымен қатар, жиында Жетісай қаласындағы рұқсатсыз ашылған сауда орындарының қызметін тоқтатуға, бақша мен көкөністердің құрамында нитратты заттардың талапқа сәйкестігін тексеруге бағытталған іс-шаралар ұйымдастыру, заң талаптарына сәйкес шара көру мақсатында арнайы жұмысшы тобын құру, жұмысшы топ құрамына жауапты мекеме қызметкерлерін қамту жайы талқыланды.

Аппарат мәжілісінде аудандық ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» КММ тарапынан аудандағы NEET санатындағы жастармен, сондай-ақ, кәмелет жасқа толмағандардың арасындағы ерте жүктілік пен жыныстық тиіспеушілік, қылмыс пен құқықбұзушылық, әлімжеттік, бопсалау, суицид сынды бүгінгі күннің өзекті мәселелері бойынша атқарылып жатқан жұмыстардың барысы тыңдалды.

Жиын соңында күн тәртібінде талқыланған салалар бойынша нақты тапсырмалар беріліп, орындалу мерзімі белгіленді. Жұмыс нәтижесі алдағы аппарат отырыстарында қосымша талқыланатын болады.


Шардара: Сервистік моделдің 2-кезеңі басталуда
Жетісай: Ағын су тапшылығы шешімін тапты
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу