Түркістандық шенділер темір тордың арғы жағындағы қатаң тәртіппен танысып қайтты

Oinet.kz 22-05-2023 339

Cыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырудың тиімді құралдарының бірі - шенеуніктерді бас бостандығынан айыру орындарына апарып, қылмыс жасаған адамдарды ұстау шарттарымен таныстыру болып табылады.

Screenshot_7.jpg

Осыған орай, Түркістан облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаментінің бастамасымен сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жұмыстары жүргізілген мекеме қызметкерлері ҚР ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің Түркістан облысы бойынша департаментіне қарасты №55 мекемесінде болып, тар қапастағы түзету мекемесінің тіршілігін көзбен көріп қайтты. 

Шара барысында лауазым иелері қауіпсіздігі жоғары мекеме қызметі мен жазасын өтеушілерді ұстау шарттарымен, төсек-орын мен медициналық бөлме, асхана, аула және жұмыс жасайтын цехтарымен жіті танысып шықты. 

Жемқорлық көріністеріне жол бермеуді мақсат еткен Департамент қызметкерлері лауазымды тұлғаларға тура жолдан таймауды, адалдықтан айнымауды ескертіп, пара алу мен қызмет бабын асыра пайдаланудың соңы ауыр жазаға әкеліп соғатынын жан-жақты түсіндірді. 

Бас бостандықтың маңызын ұқтырған шара соңында темір тордың ахуалымен танысқан шенділер оңай олжаға ұмтылудың соңы – заң алдында қатаң жауапкершілікке соқтыратынын терең ұғынып, лауазымды қызметкерлерлердің елге адал қызмет етуіне мұндай бастаманың оң ықпал ететінін ашық жеткізді. 

Айта кетейік, сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендету бағытындағы жүйелі жұмыстар әрі қарай да өз жалғасын табатын болады.

Дархан Сатыбалды: «Әрбір құрылысы кешіккен нысанның артында елдің мәселесі тұрғанын естен шығармайық
Түркістан: Этносаралық шиеленістердің шығу себептері және оның алдын алу бойынша семинар өтті
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу