Жетісай: Тұрғындарға «Ауыл аманаты» жобасы түсіндірілді
Түркістан облысы жетісай ауданында тұрғындарға мемлекеттік бағңдарламалар түсіндірілуде. Бұл туралы жетісай ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Елді мекендердегі жұмыссыздық деңгейін төмендетіп, атаулы әлеуметтік көмек алушылар санын азайту, өзін-өзі жұмыспен қамтушыларды заңдастыру, елді мекендерде жаңа жұмыс орындарын құру, мал мен құс шаруашылығын дамыту, шағын кәсіпкерлікті ашу арқылы халықтың табысын арттыру және азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге ықпал жасау мақсатында құрылған ақпараттық топтың құрамына «Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы» КММ Жетісай аудандық бөлімі, «Ырыс» МҚҰ Жетісай ауданы бөлімі, «Жетісай ауданы әкімдігінің халықты жұмыпен қамту орталығы», Түркістан облысы кәсіпкерлік палатасы Жетісай аудандық филиалы мен дербес бөлімдердің мамандары кірген.
Кездесулер барысында ісін жаңадан бастауға ниет білдірген жастарға және кәсіптерін дамытуға дайын кәсіпкерлерге 2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба төңірегіндегі «Бастау бизнес» жобасы, төмен пайыздық несиелендіру, қайтарымсыз грант, «Қарапайым заттар экономикасы», «Ауыл аманаты» жобалары, жастарды несиелеу бағдарламасы бойынша мемлекет тарапынан көрсетілетін қаржылай және қаржылай емес құралдарын кеңінен таныстырылуда.
Сондай-ақ, басқосуда Қазақстан Республикасының Президентінің 2022 жылғы 26 қарашадағы №1 «Қазастан Республикасының ауылдық аумақтарын дамытудың 2023-2027 жылдарға арналған тұжырымдамасы туралы» Жарлығы негізінде бастау алған «Ауыл аманаты» жобасы түсіндірілді.
Аграрлық несие корпорация арқылы жастарға шағын несие беру бағдарламасы шеңберінде сенім білдірілген өкіл (агент) ретінде құжаттарды қабылдау, бизнес-жобаны бағалау, несие және кепіл туралы келісімдерді дайындау, несие сомасын қарыз алушыға беру, несиенің нысаналы пайдаланылуын тексеру, қарыз алушымен есеп айырысуды жүзеге асыру, қарыз алушыдан төлем қабылдау, мерзімі өткен берешекпен жұмыс және уәкілетті органдарға есеп беру әрекеттері жүзеге асырылатындығы айтылды.
Аудан әкімі Серік Үсенұлының тапсырмасына сәйкес құрылған ақпараттық топ мүшелері мемлекеттік бағдарламалар аясында қаржылай қолдау тетіктерін түсіндіру, сүйемелдеу жұмыстарын жүргізу бойынша кездесулерді аудан аумағындағы барлық елді мекендерде бекітілген кестеге сәйкес өткізетін болады.