«Ауыл аманаты» тұрмысты түзейді
Шардара ауданында «Ауыл аманаты» пилоттық жобасы ауданда өз деңгейінде атқарылуда. Бұл туралы Шардара аудандық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімі хабарлады.
Түркістан облысында қазіргі таңда ауыл тұрғындарының тұрмысын арттыру пилоттық жобасы жүзеге асырылуда. Жоба аясында 11,0 млрд теңге қаржы қаралып, облыс бойынша 32 ауылдық округтері таңдалған болатын. Мұның ішіне Шардара ауданынан Қ.Тұрысбеков және Алатау батыр ауыл округтері енгізілген. Аталған ауылдық округтерінде скринингтік зерттеу және бірнеше рет түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, дамытудың негізгі бағыттары (Қ.Тұрысбеков ауыл округінде: балық шаруашылығын дамыту, Алатау батыр ауыл округінде: мал шаруашылығын дамыту) айқындалып төмендегідей іс-шаралар атқарылды.
«Ауыл аманаты» тұрғындардың табысын арттыру жөніндегі пилоттық жобаcын толыққанды түсіндіру үшін облыс әкімінің орынбасары Е.Кенжеханұлының төрағалығымен бірнеше рет (2023 жылдың 31 қаңтар Шымкент қаласында, 09 ақпан күндері Түркістан қаласында) пилоттық жобаға ұсынылған ауыл округі әкімдерінің қатысуымен мәжілістер өткізіліп, тиісті тапсырмалар алынды. Мәжілістерде әр ауданның даму әлеуетіне қарай негізгі басым бағыттарды айқындап, кооперация құрудың маңыздылығына кеңінен тоқталды. Облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес облыс әкімдігі тарапынан арнайы құрылған жұмысшы топпен бекітілген кестеге сәйкес бағдарламаның тиімді жақтары бойынша кеңінен түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, селекторлық режимде, ЗУМ арқылы облыс әкімінің орынбасары Е.Кенжеханұлының төрағалығымен өткізілген жиындарда жобаның атқарылуы барысы нақты баяндалды.
Ауылдық округтерде аудан әкімінің орынбасары А.Таженовтың төрағалығымен бірнеше рет пилоттық жобаның маңыздылығы жайлы түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, хаттамалар түзілді. Аудандық БАҚ-ға, фейсбук, инстаграмм әлеуметтік желілеріне мақалалар жарияланды. Ағымдағы жылдың 29 сәуір күні Қ.Тұрысбеков және Алатау батыр ауыл округтерінде тұрғындармен кездескен облыс әкімдігі тарапынан құрылған жұмысшы топ мүшелері пилоттық жоба бойынша айқындалған басым бағыттар бойынша несиелендірудің барысы туралы айтып, тиісті түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Тұрғындар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беріп, ұсыныстарын тыңдап, қолдайтындықтарын жеткізді.