Мырзакентте спорт сарайы салынуда

Oinet.kz 06-05-2023 183

17.jpg

Түркістан облысы  Мақтаарал ауданының әкімі Бақыт Асанов Мырзакент кентінде салынып жатқан құрылыс нысандарын аралап, құрылыс сапасын тексеріп қайтты. Бұл туралы  Мақтаарал ауданы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Ең алдымен аудан басшысы аудандық дербес бөлімдер үшін әкімшілік ғимаратының құрылысына барды. Мырзакент кентінің Мадиходжаев көшесінде орналасқан алып ғимарат аудан орталығының келбетіне және де көрік қосатыны сөзссіз.

3 қабаттан тұратын ғимаратта мемлекеттік қызметшілер мен мемлекеттік қызмет алуға келген аудан тұрғындары үшін барлық техникалық-материалдық жағдай жасалатын болады. Қазіргі таңда ғимараттың ішкі әрлеу жұмыстары жүргізілуде. 

2018 жылы іріленген Мақтаарал ауданы екіге бөлініп, жаңадан аудан орталығы атанған Мырзакент кентінде көптеген мемлекеттік органдар мен мемлекеттік мекемелер мектеп ғимаратында, арендалық ғимараттарға жайғасқан болса, ғимарат таппаған бірнеше мекемелер Атакент кентіне қоныс тепкен болатын. 

Қазіргі таңда Мырзакент кентіндегі С.Рахымов атындағы жалпы орта мектебінде 7 бірдей дербес бөлім орналасқан. Құрылысы жүріп жатқан әкімшілік ғимараты жуық арада пайдалануға беріліп, мектепте отырған дербес бөлімдер жаңа ғимаратқа көшірілетін болады.

Бақыт Насырханұлы Мырзакентте салынып жатқан спорт сарайының құрылысына да аялдады. Қазіргі таңда құрылыс нысанының ішкі әрлеу жұмыстары жүргізілуде. Спорт сарайы ел игілігіне берілгеннен соң аудан жастарының көптеген спорт түрлерімен кәсіби деңгейде айналысуына мүмкіндік туады.

Жалпы спорт сарайының жобасы бойынша нысан 2 қабаттан тұрады. Сондай-ақ, 2 үлкен спорт залы, жаттығу залы және сабақ өтуге арналған арнайы залдары бар. 

Бірінші қабаттағы спорт залында спорттың гандбол, баскетбол, волейбол түрлері дамытылатын болады. Ал, екінші қабаттағы спорт залында күрес, бокс, гимнастика, ауыр атлетика, жеңіл атлетикамен айналысуға барлық жағдай қарастырылады.

Бұдан бөлек, әкімшілік қызметкерлеріне арналған кабинеттер мен бөлмелер, дәрігерлердің кабинеті, киім ауыстыратын және жуынатын бөлмелер, спортпен шұғылданушылардың демалуына арналған үй-жайлар, санузельдер және ғимарат сыртында автотұрақ пен шағын футбол алаңшасын орналастыру жоспарланған.

Аудан басшысы құрылыс нысандарының жобалық-сметталық құжаттамаға сәйкес салынуын тексеріп, кейбір орын алған кемішіліктер бойынша ескертпелер берді. Сондай-ақ, сапалы материалдарды пайдалану керектігін айтып, нысандарды өз уақтыныда тапсыру керектігін атап өтті. 

Айта кетейік, Мырзакент кентінде жоғарыда аталған 2 құрылыс нысанынан бөлек, орталық саябақтың құрылысы және прокуратура ғимаратының құрылысы жүргізілуде. 


Жетісай: Тұрғындарға «Ауыл аманаты» жобасы түсіндірілді
Балық шаруашылығына мемлекет қолдау көрсетеді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу