Түркістанда 3 377 пәтер пайдалануға беріледі

Oinet.kz 30-04-2023 228

18.jpg

Елімізде 2021 жылы "Қуатты өңірлер ел дамуының драйвері" Ұлттық жобасы қабылданған.  Жобаның бірінші бағыты – инфрақұрылымды кешенді дамытып, сапалы әрі жайлы тұрғын үйлердің қолжетімділігін арттыруды көздейді. Осы бағыт бойынша Түркістан қаласында өткен жылы 3 155 пәтер (202,4 мың шаршы метр) пайдалануға тапсырылды. Оның ішінде мемлекеттік бағдарламамен несиеге берілген пәтерлер саны – 2 482, кезектегі отбасыларға 673 пәтер берілді. Бұл туралы брифингте Түркістан қаласының әкімі Нұрбол Тұрашбеков мәлімдеді. 

Шаһар басшысының айтуынша, қазіргі таңда облыс орталығында 15 707 азамат тұрғын үйге мұқтаж ретінде кезекке тіркелген. Оның ішінде 6 381-сі – әлсіз топтағылар, 4 249-ы – көпбалалы, 4 874-і – бюджеттік қызметкер, 201-і – тұл жетім және жалғыз баспанасы апатты деп танылғандар.

«Биыл жыл соңына дейін жалпы 3 377 пәтерді пайдалануға жоспарланған. Пәтерлер «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында халыққа 1 шаршы метрі 180 мың теңгеден ұсынылған. Одан бөлек, Түркістан қаласын одан әрі дамыту мақсатында жаңадан салынатын 800 пәтерлі 5 қабатты 20 тұрғын үйдің (56,4 мың ш.м.) құрылысы басталып, нәтижесінде халық игілігіне әр шаршы метрі 220 мың теңгеден берілетін болады», - деді Нұрбол Әбсаттарұлы. 

Коммерциялық және жеке инвесторлар есебінен 2020-2023 жылдары Түркістан қаласында көпқабатты 110 үй (4 263 пәтердің) құрылысы жүргізіліп, 60 тұрғын үй (1866 пәтер) пайдалануға берілген. Қалған 50 үй (2397 пәтер) 2023-2024 жылдарға жоспарланған.


Түркістан: Жолдардың сапасы артып келеді
Таскешуге газ келді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу