Президент сайлауы: 53 шет мемлекетте 68 сайлау учаскесі құрылды

Oinet.kz 24-10-2022 426

Қазақстан азаматтары ҚР Президентінің кезектен тыс сайлауына шетелде қатыса алады. Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігі хабарлады.

Screenshot_2.jpg

Министрліктің мәлімдеуінше, 2022 жылғы 20 қарашада өтетін ҚР Президентінің кезектен тыс сайлауына байланысты Қазақстанның шетелдегі мекемелерінің жанынан 53 шет мемлекетте 68 сайлау учаскесі құрылды. 

Дауыс беруге қатысу үшін белсенді сайлау құқығы бар, тиісті шет мемлекетте тұратын немесе жеке, қызметтік, оқу, іскерлік пен туристік мақсатпен жүрген және ҚР азаматының жарамды паспорты бар Қазақстан Республикасының азаматтары сайлау учаскесі құрылған Қазақстанның дипломатиялық немесе консулдық өкілдігіне жүгіне алады.

ҚР шетелдегі мекемелерінде дауыс беру «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» ҚР Конституциялық заңының 38-ші бабының 1-ші тармағына сәйкес сайлау өткізілетін күні (2022 жылғы 20 қараша, жексенбі) жергілікті уақыт бойынша сағат 07:00-ден 20:00-ге дейін өткізілетін болады.

«Сонымен бірге шетелдегі сайлау процесін уақытылы және толықтай дайындау мақсатында Қазақстан Республикасының азаматтарын жақын маңдағы сайлау учаскесіне алдын ала хабарласып, сайлаушылар тізіміне енгізу үшін мәлімет берулерін сұраймыз» делінген хабарламада.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Орталық сайлау комиссиясы кандидаттардың сайлауалды штабтарын оқытуды бастады
Президенттікке кандидаттардың штаб өкілдеріне арналған оқыту семинары өтті
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу