Карантиндегі ауылдар бақылауда

Oinet.kz 17-04-2020 743


Screenshot_15.png

Түркістан облысы Сайрам ауданының әкімі Ұласбек Сәдібеков жұмыс сапарымен Қосбұлақ блок бекетіне барды. Бұл туралды аталған ауданның баспасөз қызметі хабарлады. 

Аудандағы Көлкент ауыл округінің Ханқорған және Қосбұлақ елдімекендерінен COVID-2019 індетінің ошағы анықталуына байланысты карантинге жабылған болатын.

Аудан басшысы Қосбұлақ блок бекетінде болып, төтенше жағдай талаптарының орындалуы мен дезинфекциялық тазалықтың сақталуын назарға алды.

Ауыл жағдайын Көлкент округінің әкімі Мамуржан Шадиев баяндады. Аталған аумақтан бүгінгі таңда коронавируспен 3 науқас тіркелді. Олармен жақын байланыста болғандардың барлығы оқшауланды.

Ауылға кіріп-шығу жолдары түгел жабылып, тауар бағаларын белгіленген шекті бағадан асырмау мақсатында әлеуметтік дүкен ұйымдастырылды. Карантинге жабылған аумақтың тұрғындары ұн бағасының 12 000 теңгеге дейін көтерілуіне шағымданған болатын.

Қазір бұл аумақта Ұ.Сәдібековтың тапсырмасымен кәсіпкерлік бөлімі және Көлкен ауылдық округі әкім аппараты бірлесе жұмыс жасап, тұрғындарға белгіленген шектен аспайтын бағада азық-түлік жеткізді.

Әлеуметтік дүкенде 1 қап ұн - 7 100 тг, картоп - 135 тг, пияз - 130 тг, құмшекер - 240, күріш - 320 теңгеден сатылуда. Сонымен қатар, Ханқорған және Қосбұлақ ауылының тұрғындары үшін #Көршіге_жәрдем акциясы ұйымдастырылды.

Акция аясында іргелес қоныстанған Құтарыс ауылдық округі әкімі аппараты аз қамтылған отбасыларға азық-түлік таратты. Жағдайы төмен 20-дан аса отбасыларға азық-түлік жеткізіп берген қайырлы іс төтенше жағдай мерзімі аяқталғанша жалғаса бермек.


Тұрғындардың сауалдарына тікелей эфирде жауап берді
Сайрам ауданының кәсіпкерлері 700 тонна ет экспорттады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу