Тұрғындардың сауалдарына тікелей эфирде жауап берді
Кентау қаласында төтенше жағдайға байланысты, «Nur Otan» партиясы Кентау қалалық филиалында ағымдағы әлеуметтік төлемдер жайлы тұрғындармен желіде тікелей байланыс ұйымдастырылды. Бұл туралы партияның Кентау қалалық филиалы хабарлады.
Аталған шараның мақсаты: қала және қалаға қарасты он алты ауылдың тұрғындарының көкейдегі өзекті сұрақтарына жауап іздеп көше кезіп, әр мекеменің есігін қағып жүрмес үшін, төтенше жағдайға байланысты тұрғындар үйлерінде отырып, сұрақтарын қойып, қажетті ақпараттан хабардар болуына мүмкіндік жасады.
Кентау қалалық әкімшілігінің Фейсбук және Инстаграм парақшасы арқылы тікелей эфирді тұрғындардың сауалдарының жауапсыз қалмауын қамтамасыз ету болатын.
Тұрғындардың сұрақтарына жауап беру үшін, «Nur Otan» партиясы Кентау қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Асылбеков Сағынбек Жақсыбекұлы және жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Айтбаев Бақытжан Жайлауұлы қатысып тұрғындар тарапынан қойылған сауалдарға нақты жауаптар берді.
Бір сағат аясында желіге белсенді қатысып, сұрақтарын қойып, тұрғындарға бағыт бағдар берілді.
Тұрғындармен арадағы алтын көпірдің түп қазығы ынтымақ, бірлігіміз берік, халық үшін жасалып жатқан игі істердің берекесі мол болып, еліміз аман жұртымыз тыныш болсын!