«Еңбек» бағдарламасымен 70 мыңнан астам адам жұмыспен қамтылады

Oinet.kz 01-04-2020 633

шукеевв.jpg

Биыл Түркістан облысында халықты нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасымен 70 мыңнан астам адам жұмыспен қамтылады. Бұл туралы облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев Үкімет басшысы Асқар Маминнің төрағалығымен өткен селекторлық жиында баяндады, деп хабарлайды RGMEDIA.KZ ақпарат агенттігі.

Премьер-Министрдің төрағалығымен өткен Үкіметтің селекторлық отырысында Қазақстан Республикасының 2020-2024 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамы және 2020 жылға арналған республикалық бюджеті, сондай-ақ Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың биылғы 31 наурыздағы тапсырмаларын іске асыру аясындағы дағдарысқа қарсы шаралардың қосымша топтамасы қаралды.

Өңірлердегі ахуал және жұмыспен қамтуды қолдау шаралары туралы баяндаған Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев, жаңа бастамалардың облыс үшін өте маңызды екенін айтты. Бұл дағдарыстық жағдайдың шағын және орта бизнесте жұмыс істейтін халықтың едәуір бөлігіне әсер ететінін ескере отырып, аталған шаралар өз уақытысында қабылданып отырғандығын атап өтті.

– Алдымен, сыртқы нарықта қалыптасқан жағдайды ескере отырып, халықты жұмыспен қамту бойынша шаралар қабылданды. «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы аясында 70 мыңнан астам облыс тұрғындары жұмыспен қамтылады. Оған қоса, дағдарысқа қарсы шаралар ретінде республикалық бюджеттен бөлінген қосымша қаражатқа тағы 25 мың жұмыс орынға жол ашып, нәтижесінде 100 мыңға жуық жұмыссыз жүрген азаматтарға жұмыс көзін табуға мүмкіндік бар, – деді Өмірзақ Естайұлы.



Түркістан облысында 29 мыңнан астам жұмыс орны құрылды
Түркістан облысында 780 мың адам жұмыспен қамтылған
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу