Түркістан облысында 780 мың адам жұмыспен қамтылған

Oinet.kz 02-04-2020 659

работа.jpg

Түркістан облысында халықты нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының нәтижесінде жұмыспен қамтылған азаматтардың саны 780 мыңға жуықтады. Бұл туралы облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев Үкімет басшысы Асқар Маминнің төрағалығымен өткен селекторлық жиында баяндады, деп хабарлайды RGMEDIA.KZ ақпарат агенттігі.

Түркістан облысында халық саны 2016,1 мың адам, оның 832 мың адамы экономикалық тұрғыдан белсенді (41,2%). Жалпы халықтың 779,8 мың адамы жұмыспен қамтылған. Мемлекет басшысының мәлімдемесіне сәйкес, өңірде әлеуметтік қолдау жұмыстары жүргізіледі.

– «Жұмыспен қамтудың Жол картасы» бағдарламасы арқылы облыста 497 инфрақұрылымдық жобаны іске асыруды көзделген. Соның нәтижесінде 22 мыңнан астам жұмыс орындары ашылатыны болжамданды, облыстың жұмыссыз халқының кемінде 50 пайызын жұмысқа орналастыру күтілуде. Және төтенше жағдай кезінде жұмыссыз қалған азаматтарға қолдау ретінде ең төменгі жалақы мөлшерінде (42500 теңге) әлеуметтік төлемдерді жүргізу жұмыстары басталды.

Басты назарда әлеуметтік міндеттемелерді толық көлемде орындау. Облыстағы барлық осал топтағы азаматтарға талдау жұмыстары жүргізілді, әсіресе аз қамтылған отбасылар, мүгедектер,зейнеткерлер ерекше бақылауға алынды, – деді облыс басшысы.



«Еңбек» бағдарламасымен 70 мыңнан астам адам жұмыспен қамтылады
Түркістан облысында түйе шаруашылығы кәсібіне көмек берілуде
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу