Түркістан облысында 29 мыңнан астам жұмыс орны құрылды

Oinet.kz 15-03-2020 814

жумкамту.jpg

Түркістан облысында халықты нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының аясында 29 мыңнан астам жұмыс орны құрылды. Бұл туралы Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Әсия Темірбаева өңірлік коммуникация қызметінде берген брифингінде айтты, деп хабарлайды RGMEDIA.KZ ақпарат агенттігінің Түркістан қаласындағы тілшісі.

– 2020 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша 29248 жұмыс орны құрылды. Оның ішінде «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында 1094 жұмыс орны, «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында 294 жұмыс орны, индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы аясында 1210 жұмыс орны, «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы аясында 290 жұмыс орны, «Аумақтарды дамыту» бағдарламасы бойынша 4630 жұмыс орны, «Өңірлерді 2020 жылға дейін дамыту» бағдарламасы бойынша 2418 жұмыс орны, «2019 жылға дейін білім мен ғылымды дамыту» бағдарламасы бойынша 1476 жұмыс орны, мемлекеттік, салалық бағдарламалар шеңберінде 14908 жұмыс орны ашылды. Құрылған жұмыс орындарының ішінен Жұмыспен қамту орталықтары арқылы 2573 адам жұмысқа орналастырылды, – деді Әсия Құралқызы.



Түркістан облысында «Еңбектің» үшінші бағытымен 74 мың азамат жұмысқа орналасты
«Еңбек» бағдарламасымен 70 мыңнан астам адам жұмыспен қамтылады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу