Түркістан облысында «Еңбектің» үшінші бағытымен 74 мың азамат жұмысқа орналасты

Oinet.kz 14-03-2020 751

темрбаева.png

Түркістан облысында халықты нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының үшінші бағыты бойынша 74 мыңға жуық азамат жұмыспен қамтылды. Бұл туралы Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Әсия Темірбаева өңірлік коммуникация қызметінде берген брифингінде айтты, деп хабарлайды RGMEDIA.KZ ақпарат агенттігінің Түркістан қаласындағы тілшісі.

– Былтыр облыста «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының үшінші бағыты «Халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және еңбек ресурстарының мобильділігін арттыру арқылы еңбек нарығын дамыту» шеңберінде 59 мың 48 адамды жұмысқа орналастыру шараларымен қамту жоспарланған еді. Биыл жыл басындағы, нақтырақ айтқанда 2020 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша 73 мың 846 адамға жұмысқа орналастыру шаралары көрсетілді. Оның ішінде 54 мың 463 адам тұрақты жұмысқа орналастырылды. Жаңадан құрылып жатқан жұмыс орындарына 2573 адам жұмысқа орналастырылды. Әлеуметтік жұмыс орындарына 4431 адам жіберілді. Жастар тәжірибесіне 6783 адам, қоғамдық жұмыстарға 5596 адам жіберілді, – деді басқарма басшысы.



Түркістан облысында 8 мыңдай азаматқа грант берілді
Түркістан облысында 29 мыңнан астам жұмыс орны құрылды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу