Қазақ қызына жаным ашыды

Oinet.kz 19-07-2022 2196

Группалас құрбым екеуміз университетке аптығып келгеніміз сол еді… Кешіккен сыңайлымыз?! Есік қағып ақырын есікті аштық. Қақиған орнымызда тұрып қалдық, бұрын-соңды көрмеген оқытушы. Сірə, басқа ұлт өкілі сияқты. Бір-бірімізге қарап, іштей “жаңа мұғалім болу керек” деп қоямыз. Студенттер. Əр түрлі мамандықтармен бірігіп өтіліп жатқан дəріс. Жапа- тармағай бір нəрселерді айтып жатыр. “Білім жүйесі”, “əлемдік кеңістік” деген секілді терминдер…

Screenshot_16.jpg

Біз екеуміз аң-таңбыз, кешігіп келдік қой?! Қағаз бен қаламды алып түсінбесек те тыңдааап отырмыз…

– Əлемдік білім жүйесі туралы кімнің айтары бар?

– Мен айтсам бола ма?-, деді əдеміше келген, орта бойлы студент қыз.

Оқытушы рұқсат дегендей иегімен тақта тұрған бетті нұсқады.

Студент қыз не айтар екен деп қарай бергенімде, орысша шүлдірлеп кете бармасы бар ма?

– Тоқта, қазақша айтсаңшы…

– Мен оқыған материалдар орысша еді

– Қазақ сыныбын бітірдің бе?

Студент үнсіз. Ішімнен “мүмкін орыс сыныбын бітіргенін айтуға қымсынып тұр ма” деп қоямын. Бəріміз оның жауабын күткендей тына қалдық.

– Негізі қазақ мектебінде оқығанмын…

– Мен орысша түсінбеймін, – деді оқытушы əзіл-қалжыңы аралас…

Өзі қазақшаға судай ағып тұр (басқа ұлт өкілі болса да).

– Жақсы, сабақты жалғастыр!

Бəріміз қарап отырмыз. Əрқайсымыз əр түрлі көзқараспен… Басқасын білмеймін, мен оның айтқан сабағына емес, өзіне де емес, сөзіне қарап отырып намыстандым ба, жаным ашыды ма…түсініксіз күйде отырдым. Қазақ қызы…орыс тілінде…қазақ тобында…орысша сабақ айтуда…жалпы ҚАЗАҚСТАНДА ғой…

Эхх… Алтыннан қымбат тілім-ай…! Өз еліңде қадірің қалмай қала ма деп қорқамын! Болашағың жарқын болсын деп тіледім!

Несібелі Бошан

Енді сендерді қаласаңдар да, қаламасаңдар да жұмаққа кіргізеді
Алла мені о дүниеде еш кәдесіне жарата алмаған соң тірі қалдырған сияқты
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу