Жұбаныш Жексеннің италиялық келіні сәлем салады екен
Танымал әнші, эстрада жұлдызы Жұбаныш Жексеннің ұлы италиялық қызға үйленіп, халықтың сансыз сынына ұшыраған болатын. Бүгінде әке жолын қуып, өнерге бет бұрған ол жұбайының келіндік қызметін қалай атқарып жүргенін және жұлдызды қайын атасымен қарым-қатынасы жайлы айтып берді, деп жазады Oinet.kz ақпараттық порталы "Айта берсін" бағдарламасына сілтеме жасап.
Әбілқайыр Жексеннің айтуынша, италиялық әйелі қазақша әжептеуір біледі екен, оның үстіне қазақша сәлем салуды да біледі екен.
Әншінің ұлы жат елден келген аруға қазақи тәрбие алған жанұяға сіңісіп кету оңай болмағанын да жасырмады.
"Осылай менің пешенеме жазылған деп ойлаймын. Өйткені, оның алдында қаншама қазақ қыздары болды. Ешқайсымен болмады. Қазақ қызынан да бетер өзін көрсетіп жатыр. Сол себепті мен ешқандай өкінбеймін. Әкемнің артына кір келтірдім деп те айта алмаймын" , - дейді Әбілқайыр.
Әбілқайыр Жексеннің айтуына қарағанда қазір атасы мен келінні бірін-бірімен жақсы түсініседі.
«Екеуі қазір дос болып кеткен. Сырлас екеуі. Аллаға шүкір. Қазір келін қазақша бірталай біліп қалды. Барлығы жақсы. Шайын құйып береді, таңертен сәлем салады. Алла берген бір қызым бар. Кеше ғана бір жасқа толды. Атын атасы қойды. Есімі Ләйлім» , - дейді Әбілқайыр.