Малахов Димашты «секс-символ» деп атағаны үшін кешірім сұрады

Oinet.kz 10-09-2019 1173

Картинки по запросу димаш

Тележүргізуші Андрей Малахов Димашты әлемнің жаңа «секс-символы» деп атағаны үшін кешірім сұрады. Россия телеарнасының «Привет, Андрей!» тележобасында Малахов әншінің жанкүйерлері оның Instagram парақшасын хатқа толтырғанын айтты.

«Мен сені жаңа толқынның «секс-символы» деп атадым. Менің Instagram парақшамда сенің жанкүйерлерің шулап хат жазып жатты.»

 Маған былай деп жазған: «Сіз оны қалай олай атай аласыз, ол ұлттық мақтаныш, қандай секс-символ. Сіздің Ресейде бәлкім солай атар, бірақ...», - деді Малахов.

Андрей Малахов Димашқа қайта бұрылып, «Сені олай атағаным үшін кешір» деп, Димаштың жаңа әлемдік жұлдыз екенін, жыл жаңалығы екенін айтты.

Одан бөлек Малахов әншінің талантына тән екенін айтып, әншіден жеке өмірі жайлы да сұрақтайр қойды. Алайда Димаш отбасы және жеке өмірі жөнінде тіс жармады.

Жұбаныш Жексеннің италиялық келіні сәлем салады екен
Тимати миллиондаған дизлайк алған бейнебаянын өшіруді ұйғарды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу